О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 1 апреля 2024 года № 185/НҚ «Об утверждении Правил функционирования программы взаимодействия с исследователями информационной безопасности» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 185/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 185/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34211 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Киберқаіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсізідк комитеті
Басқа 0. Киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 3 шілдедегі № 378/НҚ Бұйрыққа қосымша Киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Киберқауіпсіздік зерттеушілерімен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және киберқауіпсіздік зерттеушілерімен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының (бұдан әрі – КҚЗ ӨБ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздік зерттеушісі – киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына қатысатын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маман;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасы – киберқауіпсіздікті зерттеушілердің цифрлық объектілердегі осалдықты анықтау үшін олармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар;
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілеріне арналған киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл бағдарламасының операторы (бұдан әрі – оператор) – мемлекеттік органдардың цифрлық объектілеріне (бұдан әрі – МО ЦО) арналған киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Мемлекеттік киберқауіпсіздіктің жедел орталығы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік заңды тұлға;
Тармақша 6
6) осалдық – цифрлық объектінің киберқауіпсіздікке қатер төндіретін кемшілігі;
Тармақша 7
7) осалдық туралы есеп (бұдан әрі – есеп) – цифрлық объектіде зерттеушімен табылған осалдық туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) токен – бірегей жолдық мән
Тармақша 9
9) цифрлық объект (бұдан әрі – ЦО) – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;
Тармақша 10
10) цифрлық объектілердің иегері – цифрлық объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен цифрлық объектілерді иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект.
Тарау 2
2-тарау. Киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 3
3. Оператор ретінде Мемлекеттік киберқауіпсіздіктің жедел орталығының міндеттері мен функцияларын Заңның 7-4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асыратын Мемлекеттік техникалық қызмет («Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ, бұдан әрі – «МТҚ» АҚ) КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ жұмыс істеуін өзінің цифрлық инфрақұрылымында іске асырады.
Тармақ 4
4. КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-нің жұмыс істеуін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) мен «МТҚ» АҚ арасындағы шарттық қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-ге қосылуы тиіс МО ЦО тізімін қалыптастыру үшін, МО ЦО иелері немесе иеленушілеріне Интернетке қолжетімділігі бар МО ЦО туралы ақпарат ұсыну үшін сұраным (бұдан әрі – сұраным) жолдайды.
Тармақ 6
6. МО ЦО иелері немесе иеленушілері сұраным келіп түскен күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға МО ЦО атаулары және олардағы осалдық іздеу мерзімін қамтитын Интернетке қолжетімділігі бар МО ЦО туралы ақпарат жолдайды.
Тармақ 7
7. Уәкілетті орган МО ЦО иелері немесе иеленушілерімен берілген ақпарат негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-ге қосылуы тиіс МО ЦО тізімін және МО ЦО-дағы осалдықтар іздеу мерзімдерін (бұдан әрі – тізім) жасайды.
Тармақ 8
8. Үәкілетті орган тізімді қалыптастырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде тізімді операторға жібереді.
Тармақ 9
9. Оператор тізімді алған күннен 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізімге сәйкес МО ЦО иелері немесе иеленушілеріне КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-ге қосылу туралы хабарлайды.
Тармақ 10
10. Заңның 54-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес МО ЦО-ның меншік иелері немесе иеленушілері Интернетке қолжетімділігі жоқ ЦО-ны қоспағанда, КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-ге ЦО-ның қосылуын қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.
Тармақ 11
11. МО ЦО иелері немесе иеленушілері КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-ге қосылу үшін, қосылу жайлы хабарлама алған күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде ең аз тестілеу ауқымын қамтитын МО ЦО зерттеудің шекаралары, осалдықтардың сыни деңгейлері, қарастыру үшін қабылданбайтын осалдықтардың тізбесі, сондай-ақ МО ЦО-да осалдықтарды іздеу кезінде МО ЦО-ға қатысты жол берілмейтін әрекеттерді қамтитын зерттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 12
12. МО ЦО иелері немесе иеленушілері зерттеу тәртібі бекітілген күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде операторға жолдайды. Оператор зерттеу тәртібін ол келіп түскен күннен 2 (екі) жұмыс күні ішінде КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-де орналастырады.
Тармақ 13
13. КҚ зерттеуші КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-де тіркеледі, және КҚ зерттеуші МО ЦО-да осалдылықтарды іздеу барысында трафик, сауал, баптауды белгілейтін токен алады.
Тармақ 14
14. КҚ зерттеуші токенді үшінші тұлғаларға жария ете алмайды және үшінші тұлғалардың токендерін пайдалана алмайды.
Тармақ 15
15. МО ЦО-ны осалдықтардың болуына зерттеу кезінде КҚ зерттеушіге:
Тармақша 1
1) КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-де көрсетілмеген IP-мекенжайларды және домендік атауларды зерттеуге;
Тармақша 2
2) МО ЦО меншік иесі немесе иеленушісі келіскен жағдайларды қоспағанда, осалдықтарды анықтау үшін ЦО-ны автоматты түрде сканерлеу құралдарын пайдалануға;
Тармақша 3
3) зерттеу тәртібінде айқындалған және осалдықтың бар екендігін дәлелдеуге немесе осалдықпен байланысты индикаторды анықтауға жеткілікті ең аз тестілеу ауқымын қоспағанда, осалдылықты қолдану әрекетін жасауға;
Тармақша 4
4) ақпарат осалдықпен тікелей байланысты болып, қолжетімділік осалдықтың бар екенін дәлелдеуге қажет болатын жағдайларды қоспағанда, МО ЦО-ға жіберілетін немесе сақталатын кез-келген хабарлама, дерек және ақпарат мазмұнына қасақана қолжетімділік алуға;
Тармақша 5
5) зерттеу жүргізу барысында қол жеткізілген деректерді және ақпаратты жүктеп алу, сақтау, ашуды, беруді, модификациялауды, жоюды жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) МО ЦО меншік иесінің немесе иеленушісінің жазбаша келісімі алынған жағдайларды қоспағанда, МО ЦО-ның осалдылығы жайлы ақпаратты және осалдықты қолдану арқылы алынған ақпарат мазмұнын жариялауға;
Тармақша 7
7) зерттеу жүргізу үшін МО ЦО-ның меншік иесімен немесе иеленушісімен КҚ зерттеушіге есептік жазбаларға қолжетімділік берген жағдайларды қоспағанда, МО ЦО қолданушыларының есептік жазбаларына қолжетімділік алу әрекеттерін жасауға;
Тармақша 8
8) МО ЦО-ға физикалық араласу әдістерін жүзеге асыруға;
Тармақша 9
9) МО ЦО меншік иесінің немесе иеленушісінің қызметшілеріне немесе мердігеріне қатысты әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 16
16. Егер табылған осалдық МО ЦО-ның тұтастығы мен қолжетімділігінің бұзылуына алып келетін болса, КҚ зерттеуші осы осалдықты пайдалану жөніндегі әрекеттерді жасаудан қалыс қалуы керек және КҚ зерттеуші есепте табылған осалдықты тексеру үшін қажетті деректерді көрсетеді.
Тармақ 17
17. КҚ зерттеуші операторға КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-де орналастырылған нысанға сәйкес КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ арқылы есеп жібереді.
Тармақ 18
18. Оператор есепті алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оның дұрыстығын тексереді және МО ЦО-да осалдықтың болуы немесе болмауы туралы қорытынды дайындайды.
Тармақ 19
19. Оператор қажет болған жағдайда есепті тексеру кезінде КҚ зерттеушісінен МО ЦО-да осалдықтың болуын растайтын қосымша мәліметтерді сұрайды.
Тармақ 20
20. Есептің дұрыстығы расталмаса, оператор есепті тексергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде КҚ зерттеушіге КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ арқылы МО ЦО-да осалдықтың жоқтығы туралы қорытынды жібереді.
Тармақ 21
21. Есептің дұрыстығы расталса, оператор есепті тексергеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ арқылы:
Тармақша 1
1) МО ЦО-да осалдықтың бар екендігі туралы МО ЦО-ның меншік иесіне немесе иеленушісіне хабарлама жолдайды (бұдан әрі – осалдық туралы хабарлама) және оған есепті жібереді;
Тармақша 2
2) МО ЦО-да осалдық бар екендігі туралы уәкілетті органды хабардар етеді;
Тармақша 3
3) тексеру нәтижелері туралы КҚ зерттеушіні хабардар етеді.
Тармақ 22
22. Оператор есепті МО ЦО-ның меншік иесіне немесе иеленушісіне және уәкілетті органға:
Тармақша 1
1) Есептің дұрыстығы оператормен расталмаған кезде;
Тармақша 2
2) КҚ зерттеушісімен есеп жіберілгенге дейін дәл сондай осалдықтың бар екендігін оператор растаған кезде жібермейді.
Тармақ 23
23. Заңның 54-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес МО ЦО-ның меншік иелері немесе иеленушілері КҚЗ МО ЦО бойынша ӨБ-де тіркелген анықталған осалдықтардың жойылуын қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.
Тармақ 24
24. МО ЦО-ның меншік иелері немесе иеленушілері осалдық туралы хабарлама алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) осалдықты жояды және операторға КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ арқылы оның жойылғаны туралы мәліметтерді жолдайды;
Тармақша 2
2) осалдықты жою мүмкін болмаған жағдайда, операторға және уәкілетті органға: осалдықты жоймаудың негіздемесі және МО ЦО-да талап етілетін өзгерістердің сипатын; анықталған осалдықты пайдалану тәуекелдерін барынша азайтуға бағытталған шараларды; бірінші анықталған сәттен бастап 6 (алты) айдан аспайтын уақытта осалдықты жою мерзімдерін қамтитын МО ЦО-да осалдықтың жойылмауы туралы мәліметтер жолдайды.
Тармақ 25
25. Осы Қағидалардың 24-тармағымен айқындалған осалдықты жою мерзімі аяқталғаннан соң оператор МО ЦО-ны 5 (бес) жұмыс күні ішінде осалдықтың жойылуына тексереді.
Тармақ 26
26. КҚ зерттеуші осы Қағидалардың 13, 14, 15, 16 және 17-тармақтарын және зерттеу тәртібін бұзған жағдайда оператор КҚЗ-мен МО ЦО бойынша ӨБ-де КҚ зерттеушінің есептік жазбасын бұғаттайды.