О внесении изменения в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 1 августа 2025 года № 359-НҚ «О размещении и распределении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием, а также с техническим и профессиональным, послесредним образованием в организациях образования в области культуры финансируемых из республиканского бюджета на 2025 – 2026 учебный год» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № 359-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 тамыздағы № 359-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген 3-қосымша осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (докторантура) бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын) тізбесі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы «___» қазандағы № ____ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы «1» тамыздағы № 359-НҚ бұйрығына 3-қосымша Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша 2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (докторантура) бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын) тізбесі Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі (докторантура) бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысы № Коды Білім беру бағдарламаларының атауы Орындар саны Бөлім 1. Докторантура Бөлімше 1. «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі 1. D028 Режиссура 1 2. D029 Театр өнері 1 3. D030 Эстрада өнері 1 4. D031 Хореография 1 5. D033 Бейнелеу өнері 1 6. D034 Өнертану 2 7. Барлығы 7 Бөлімше 2. «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі 8. D006 Музыка педагогтарын даярлау 1 9. D022 Музыкатану 1 10. D023 Аспаптық орындаушылық 1 11. D024 Вокалдық өнер 1 12. D025 Дәстүрлі музыкалық өнер 2 13. D034 Өнертану 2 14. D037 Арт-менеджмент 1 15. Барлығы 9 Бөлімше 3. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі 16. D022 Музыкатану 2 17. D023 Аспаптық орындаушылық 1 18. D024 Вокалдық өнер 1 19. D025 Дәстүрлі музыкалық өнер 1 20. D027 Дирижирлеу 1 21. D037 Арт-менеджмент 1 22. Барлығы 7 Бөлімше 4. «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 23. D031 Хореография 2 24. D034 Өнертану 1 25. Барлығы 3 26. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша қорытынды 26