О внесении дополнений в постановление акимата города Темиртау от 1 апреля 2026 года № 13/51 «Об утверждении Положения ГУ «Отдел жилищной инспекции города Темиртау» в новой редакции» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жаңа редакциядағы «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ережесін бекіту туралы» Теміртау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 13/51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жаңа редакциядағы «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ережесін бекіту туралы» Теміртау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 13/51 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 1) аталған қаулымен бекітілген «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде, 3-тарау «Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері» мынадай мазмұндағы 22 және 23-тармақтармен толықтырылсын: «22. Ортақ пайдалану орындарын ластау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау; 23. Аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау.».
Тармақ 2
2. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) әділет органдарында бөлім Ережесіне енгізілген толықтыруларды мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің тиісті салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.