Об определении перечня государственных органов, ответственных за предоставление данных по категориям лиц, указанным в пункте 1 статьи 26 и пункте 1 статьи 26-1 Закона Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года «Об обязательном социальном медицинском страховании», и иностранцам, временно пребывающим на территории Республики Казахстан и являющимся трудовыми мигрантами, а также членам их семей из государств – членов Евразийского экономического союза в некоммерческое акционерное общество «Государст Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін айқындау туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін «Азаматтарға арналған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 660 қаулысына қосымша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі Р/с № Де­ректер­ді бе­ру­ге жа­у­ап­ты мем­ле­кет­тік ор­ган­дар Де­ректер бе­рі­ле­тін адам­дар­дың са­нат­та­ры Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың де­ректер­ді ен­гізу­ге және олар­ды «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на бе­ру­ге ар­нал­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі (бұ­дан әрі – АЖ) 1 2 3 4 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Ба­ла­лар «Ұлт­тық бі­лім бе­ру де­ректер қо­ры» АЖ, же­тім ба­ла­лар­дың рес­пуб­ли­ка­лық де­рекқо­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі «Же­ке тұ­лға­лар» мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптік оқытуға жіберілген адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар «Еңбек нарығы» АЖ 3. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі, Жұ­мыс іс­те­мей­тін жүк­ті әй­ел­дер «Жүк­тi және ба­ла туу жа­сын­да­ғы әй­ел­дер­дің тір­ке­лі­мі» АЖ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі «Тө­лем­дер­ді өң­де­уді ұй­ым­да­сты­ру» АЖ 4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі Ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оны (олар­ды) тәр­би­е­леп отыр­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам (ба­ла­ның заң­ды өкіл­де­рі­нің бі­рі) «Зей­не­та­қы мен жәр­де­ма­қы алушы­лар­дың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­ректер қо­ры» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған АЖ, «Тө­лем­дер­ді өң­де­уді ұй­ым­да­сты­ру» АЖ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі «Аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін тір­кеу» АЖ – ата-ана­лар­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бұ­дан әрі – ЖСН) бір-бі­ріне және ба­ла­ның ЖСН бай­ла­ны­сты­ры­л­ған үш жас­қа дей­ін­гі ба­ла­ла­ры бар адам­дар (екі ата-ана­сы) ту­ра­лы де­ректер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Же­тім ба­ла­лар­дың рес­пуб­ли­ка­лық де­рекқо­ры 5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі Жүк­ті­лік­ке және боса­ну­ға, жа­ңа ту­ған ба­ла­ны (ба­ла­лар­ды) асы­рап алу­ға бай­ла­ны­сты, ба­ла (ба­ла­лар) үш жас­қа толған­ға дей­ін оның (олар­дың) кү­ті­міне бай­ла­ны­сты де­ма­лы­ста жүр­ген адам­дар «Зей­не­та­қы мен жәр­де­ма­қы алушы­лар­дың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­ректер қо­ры» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған АЖ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гі «Аза­мат­тық хал ак­ті­ле­рін тір­кеу» АЖ – ата-ана­лар­дың ЖСН бір-бі­ріне және ба­ла­ның ЖСН бай­ла­ны­сты­ры­л­ған үш жас­қа дей­ін­гі ба­ла­ла­ры бар адам­дар (екі ата-ана­сы) ту­ра­лы де­ректер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі Же­тім ба­ла­лар­дың рес­пуб­ли­ка­лық де­рекқо­ры 6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар «Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры» автоматтандырылған АЖ, «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» АЖ 7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар «Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры» автоматтандырылған АЖ, «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» АЖ 8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері «Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың орталықтандырылған дерекқоры» автоматтандырылған АЖ, «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» АЖ Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасы сот органдарының АЖ 9. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі Қыл­мыстық-ат­қа­ру (пе­ни­тен­ци­ар­лық) жүй­е­сі­нің ме­ке­ме­ле­рін­де (қа­уіп­сіз­ді­гі ба­рын­ша тө­мен ме­ке­ме­лер­ді қо­с­па­ған­да) сот үкі­мі бой­ын­ша жа­за­сын өтеп жа­тқан адам­дар Қыл­мыстық-ат­қа­ру жүй­е­сі­нің ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған де­рекқо­ры 10. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы Тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да­ғы адам­дар, сон­дай-ақ үй­қа­мақ тү­рін­де­гі бұл­тарт­пау ша­ра­сы қол­да­ны­л­ған жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның Құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі ко­ми­те­ті­нің АЖ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі «Тө­лем­дер­ді өң­де­уді ұй­ым­да­сты­ру» АЖ 11. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі Жұ­мыс іс­те­мей­тін қан­дастар «Орал­ман» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған АЖ, «Тө­лем­дер­ді өң­де­уді ұй­ым­да­сты­ру» АЖ 12. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі «Ал­тын ал­қа», «Кү­міс ал­қа» ал­қа­ла­ры­мен на­град­тал­ған неме­се бұ­рын «Ба­тыр ана» ата­ғын ал­ған, сон­дай-ақ I және II дә­ре­же­лі «Ана даң­қы» ор­ден­де­рі­мен на­град­тал­ған кө­п­ба­ла­лы ана­лар «Зей­не­та­қы мен жәр­де­ма­қы алушы­лар­дың ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­ректер қо­ры» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған АЖ 13. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі Мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар «Мү­ге­дек­тер­дің ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­ректер қо­ры» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған АЖ 14. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі Ор­та, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі, жо­ға­ры бі­лім бе­ру, сон­дай-ақ жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да күн­діз­гі оқу ны­са­нын­да бі­лім алып жа­тқан адам­дар «Ұлт­тық бі­лім бе­ру де­ректер қо­ры» АЖ, «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы, «Ше­тел­де оқып жүр­ген сту­дент­тер­ді тір­кеу» сер­ви­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі 15. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек­ті алушы жұ­мыс іс­те­мей­т­ін­дер «Ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған де­рекқор» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған АЖ, «Тө­лем­дер­ді өң­де­уді ұй­ым­да­сты­ру» АЖ 16. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да уа­қыт­ша бо­ла­тын және Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет­тер­ден ең­бек­ші кө­шіп-қо­ну­шы­лар бо­лып та­бы­ла­тын ше­тел­дік­тер, сон­дай-ақ олар­дың от­ба­сы мү­ше­ле­рі Кө­ші-қон по­ли­ци­я­сы­ның АЖ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі «Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші» ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған АЖ 17. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар «Отбасының цифрлық картасы» талдамалық шешімі _________________________