Об утверждении нормы потребления тепловой энергии для потребителей жилых домов этажностью от 1 до 3 этажей по городу Петропавловску Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Петропавл қаласы бойынша 1-ден 3 қабаттан аспайтын тұрғын үйлердің жылу қуатын тұтыну нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің «Электр қуатын пайдалану ережесін және жылу қуатын пайдалану ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген «Жылу қуатын пайдалану ережесінің» 67 тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Петропавл қаласы бойынша 1-ден 3 қабаттан аспайтын тұрғын үйлердің 1 шаршы метр алаңына жылу қуатын тұтыну 1 шаршы метрге 0,05 Гкал мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары П.И. Гловаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланган 10 күн өткеннен кейін бастап күшіне енеді.