О внесении изменений в приложение 1 к постановлению акимата города Усть-Каменогорска от 6 июня 2002 года № 1007 "Об образовании городской межведомственной комиссии по обеспечению безопасности на транспорте" (регистрационный № 899 от 19 августа 2002 года) Күшін жойған
Басқа 0
"Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық ведомствоаралық комиссия құру туралы" Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 6 маусымдағы № 1007 қаулысының» 1 қосымшасына өзгертулер енгiзу туралы (2002 жылғы 19 тамыздағы тiркеу № 899)
"Өскемен қаласының көрiктендiру басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң өндiрiстiк-техникалық бөлiмiнiң бас маманы Алла Геннадьевна Созыкинаның жұмыстан босатылуына байланысты (2003 жылғы 19 тамыздағы № 68-к бұйрық), Өскемен қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық ведомствоаралық комиссия құру туралы" Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 6 маусымдағы № 1007 қаулысымен бекiтiлген (2002 жылғы 19 тамыздағы тiркеу № 899), оған Өскемен қаласы әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 1628 қаулысымен енгiзiлген өзгертулердi ескере келе, "Көлiктегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қалалық ведомствоаралық комиссияның құрамына" 2003 жылғы 2 тамызда "Рудный Алтай", 2003 жылғы 2 тамызда "Дидар" газеттерiнде жарияланған, 1 қосымшасына келесiдегiдей редакцияда өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Комиссия мүшелерiнiң құрамынан шығарылсын:
Алла Геннадьевна Созыкина - "Өскемен қаласының көрiктендiру басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң өндiрiстiк-техникалық бөлiмiнiң бас маманы.
Тармақ 2
2. Комиссия мүшелерiнiң құрамына енгiзiлсiн:
Гаухар Солтанбекқызы Сабырбаева - "Өскемен қаласының көрiктендiру басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң өндiрiстiк-техникалық бөлiмiнiң бас маманы.