О присвоении имени Мадины Букеевой безымянной улице жилого массива Юго-Запад-1 города Актобе Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе қаласының Оңтүстік Батыс-1 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Мәдина Букееваның есімін беру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 27-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына, Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының өткізілген көпшілік тыңдауының хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, Ақтөбе қаласының Оңтүстік Батыс-1 тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Мәдина Букееваның есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Т. Шерияздановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4