Об определении лица, у которого будут приобретаться товары, работы, услуги по обеспечению технической поддержки и модернизации интегрированного таможенного компонента автоматизированной системы таможенного и налогового администрирования (ИС «АСТАНА-1») Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің («АСТАНА-1» АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының 56) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің («АСТАНА-1» АЖ) интеграцияланған кедендік құрауыштарын жаңғыртуды және техникалық қолдауды қамтамасыз ету бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлға ретінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және қоса алғанда 2023 жылғы 11 қарашаға дейін қолданыста болады.