О предоставлении компании с ограниченной ответственностью "ТЕПКО'' права временного использования земельных участков для проведения бурения разведочной скважины Центральный Якут 1 в Байганинском районе Актюбинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысы Байғанин ауданында 1 орталық Якут барлау іздестіру скважинасын бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін «ТЕПКО» жауапкершілігі шектеулі компаниясына уақытша жер бөлігін пайдалану құқылығын беру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы «Жер туралы» № 2717 Жарлығының 51 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 299 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы және орманды жерлерді алған кезде, ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісіне келтірілген зиянды өтуге жататын шығындарды айқындау тәртібі туралы» Ережесіне сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 1998 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің берген ГКИ № 987 Д (мұнай) сериялы лицензия шеңберінде, 1 орталық Якут барлау іздестіру скважинасын бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін Байғанин ауданының территориясынан 6,0 гектар жайлымдық жер бөлігінің уақытша пайдалану құқылығы «ТЕПКО» жауапкершілігі шектеулі компаниясына 1 жыл мерзімге уақытша берілсін.
Тармақ 2
2. «ТЕПКО» жауапкершілігі шектеулі компаниясы (А. Барак):
Тармақша 1
1) ауылшаруашылығы өндірісінің шығынын 13680 теңге сомасында жалғанған қосымшаға сәйкес өтесін;
Тармақша 2
2) уақытша пайдалануға берілген жердегі жұмысты аяқтағаннан кейін жерді тегістеп, белгіленген тәртіп бойынша бұрынғы жер пайдаланушыға тапсырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байғанин ауданының әкімі Т. Айжарықовқа жүктелсін.
Басқа 6
Облые әкімінің
1999 жылғы 17 наурыздағы № 33
шешіміне қосымша
1 Орталық Якут барлау іздестіру скважинасын бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін «ТЕПКО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша жер бөлігін пайдалануға беруге байланысты ауылшаруашылығы өндірісіне келтірген заладың есебі
№№
Ауылшаруашылығы жерлерінің түрлері
Топырақтың түрлері
Алаңы (га)
Бағасы 1 га/теңге
Сомасы
теңге
Өтеуге
жатады
(сомадан
5 %)
Жайылым
Ашық – қызыл қоңыр
6,0
45600
273600
13680