Мұнайлы ауданы бойынша орталықтан берілетін ауыз су, техникалық су және ыстық судың 1 адамға тәуліктік нормасын бекіту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мұнайлы ауданы бойынша орталықтан берілетін ауыз су, техникалық су және ыстық судың 1 адамға тәуліктік нормасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі №400 «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес және де тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса жалғанып отырған қосымшаға сәйкес Мұнайлы ауданы бойынша орталықтан берілетін ауыз су, техникалық су және ыстық судың дамға тәуліктік нормасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ізбергеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бастығы Тұяқов.Б.Е______ «12» мамыр 2009 жыл «Маңғыстау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Директоры Н.Б.Жолбаев_____ «12» мамыр 2009 жыл.
Басқа 4
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы «12» мамыр №178-қ қаулысына қосымша Мұнайлы ауданы бойынша орталықтан берілетін ауыз су, техникалық су және ыстық судың 1 адамға тәуліктік нормасы № Коммуналдық қызмет атаулары Өлшем бірлігі Мөлшері 1 Ауыз-су шығыс нормасы Литр/күніне 36 2 Техникалық судың нормасы Литр/күніне 72 3 Ыстық су Литр/күніне 32