Бектөбе ауылындағы Жаңа-1 көшесінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бектөбе ауылындағы Жаңа-1 көшесінің атауын өзгерту туралы Бектөбе ауылының Жаңа-1 көшесінің тұрғындарының пікірін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Бектөбе ауылындағы Жаңа-1 көшесінің аты еңбек ардагері Оразбекұлы Нарбай атындағы көшесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.