О присвоении наименования микрорайону 1 в селе Дамса Дамсинского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дамса селолық округінің Дамса селосының шағын ауданына 1 атау тағайындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының тілдер саясаты және ономастика жөніндегі комиссиясының 2009 жылдың 16 қарашасындағы № 10 шешімі негізінде Дамса селосы тұрғындарының пікірі есебімен Дамса селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Дамса селолық округінің Дамса селосының шағын ауданына 1 «Бақыт» атауы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Шортанды ауданының «Саулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Байтоканов Шортанды ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Бартош