О выполнении работ с целью завершения 1 этапа по созданию государственного градостроительного кадастра Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысының мемлекеттiк қалақұрылысы кадастырын құру мақсатындағы 1 кезең жұмысының орындалуы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық әкімінің 13.12.2004 № 12-114 шешімімен.
Облыста жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың дамуы мен жүзеге асуының қазiргi заманғы кезеңде ұлттық табиғи ресурстарды, аумақтарды және жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қатаң бақылау және оларды мемлекеттiк реттеу мәселелерiнiң мәнi артып отыр, бұл мемлекеттiк қалақұрылысы кадастры жасалғанда ғана жүзеге асатын мәселе.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 ж. 22 қазандағы № 2474-ХII Қаулысын , Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 ж. 6 маусымдағы "Мемлекеттiк қалақұрылысы кадастры туралы" № 931 Қаулысын , "Қазақстан Республикасындағы сәулет және қалақұрылысы туралы" Заңды , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 ж. 20 ақпандағы №236 Қаулысын жүзеге асыру, сондай-ақ Алматы облысында нарықтық қатынастарды одан әрi дамыту мақсатында облыс Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сәулет және қалақұрылысы басқармасы (С.Фазылов) Бағалау институтымен, ұлттық ресурстарды кешендi басқару ғылыми-өндiрiстiк орталығы (с.Байболов), "Градиноформ" Агенттiгiмен (Е.Мухаметшина) бiрлесе отырып, Алматы облысының мемлекеттiк қалақұрылысы кадастрын құрудың I кезеңi жұмысының орындалуын аяқтау, облыс аумағына экономикалық баға берудi және аудандастыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. "Массагет" АҚ-ның (М.Тiлеужанов) қалақұрылысы кадастырын құру жұмысын қаржыландыру, сәулет және қалақұрылысы басқармасын қажеттi техникалық және бағдарламалық жарақтармен қамтамасыз ету туралы ұсынысы қабылдансын (2000 ж. 7 қарашадағы хаттама).
Тармақ 3
3. Сәулет және қалақұрылысы басқармасы "Массагет" АҚ-мен осы жобаны қаржыландыру туралы келiсiм шарт жасасын.
Тармақ 4
4. Ұлттық ресурстарды кешендi бағалаумен басқарудың ғылыми-өндiрiстiк орталығы мен "Градиноформ" Агенттiгiнен сәулет және қалақұрылысы басқармасымен бiрлесе отырып, облыстық қалақұрылысы кадастырын құрудың I кезеңi жұмысының техникалық жобаны орындау, қалақұрылысы кадастырын құрудың және жүргiзудiң нормативтi-құқықтық базасын, аумақтарды және жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануды регламенттеу жөнiндегi нормативтi-құқықтық құжаттарды анықтау сұралсын. Алматы облысының мемлекеттiк-қалақұрылысы кадастырын, мәлiметтер базасын пайдалана отырып одан-әрi жүргiзу сәулет және қалақұрылысы басқармасына жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Қалақұрылысы кадастырын жасау және жүргiзу жөнiндегi жұмыстарын үйлестiру және негiз болып табылатын материалдармен қамтамасыз ету сәулет және қалақұрылысы басқармасына жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Статистика басқармасы (Б.Төлепбаев) сәулет және қалақұрылысы басқармасының талабы бойынша қажеттi материалдар мен ақпараттардың өтемсiз берiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7. Қалақұрылысы кадастырын құру жөнiндегi жұмыс толық орындалғаннан кейiн барлық ақпараттық-графикалық мәлiметтер базасы, осы ақпаратқа билiгiн жүргiзетiн сәулет және қалақұрылысы басқармасына берiледi.
Тармақ 8
8. Қалақұрылысы кадастырын жүргiзу үшiн сәулет және қалақұрылысы басқармасының жанынан қалақұрылысы кадастыры қызметiн құру жөнiнде ұсыныс енгiзiлсiн.
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк қалақұрылыс кадастры жасалған сәттен бастап, қандай да болмасын құрылыс салу үшiн жер учаскелерiн бөлуге, жер учаскелерiн жылжымайтын мүлiкпен қоса сату-сатып алу, жалдау және құрылысы аяқталған тұрғын үй - азаматтық құрылыс объектiлерiн пайдалануға беруге қатысты шешiмдер мен өзге де жергiлiктi өкiмет органдарының актiлерi қалақұрылысы кадастры қызметiнде белгiленген тәртiппен мiндеттi тiркелуге жатады.
Тармақ 10
10. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары К. Әбiләкiмовке жүктелсiн.