Об утверждении формы заявления на освобождение стоимости материально-технических средств и услуг, приобретаемых в Республике Казахстан Соединенными Штатами Америки или от их имени, от налогов и других обязательных платежей в бюджет в соответствии с пунктом 1 статьи XII Рамочного соглашения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе олардың атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алынатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату өтінішінің нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі N 1336 қаулысымен бекітілген 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып-жоятын қару-жарақтар таралуына жол бермеуге қатысты келісімнің (бұдан әрі - Негіздемелік келісім) XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе олардың атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алынатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату ережесінің 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Негіздемелік келісімнің XII бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе олардың атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алынатын материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерді салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босату өтінішінің қосылған нысанын бекіту.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Негіздемелік келісімнің ХІІ бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алған материалдық-техникалық құралдар мен көрсетілетін қызметтердің құнын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босатуға өтініш
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 426 бұйрығына қосымша Негіздемелік келісімнің ХІІ бабының 1-тармағына сәйкес Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалардың Қазақстан Республикасында сатып алған материалдық-техникалық құралдар мен көрсетілетін қызметтердің құнын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден босатуға өтініш (қағаз мәтіннен қараңыз)