Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера объектового масштаба на территории в пределах водохранилища плотины пруда на реке Уланка в 1 километре выше села Герасимовка, Уланского районаВосточно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Герасимовка
ауылынан 1 километр жоғары орналасқан
Ұлан өзеніңде су қоймасы тоған бөгетінің
шегіндегі аумақта объектілік ауқымдағы табиғи
сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Ұлан ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 22 маусымдағы № 3 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Герасимовка ауылынан 1 километр жоғары орналасқан Ұлан өзеніңде су қоймасы тоған бөгетінің шегіндегі аумақта объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (М. Нургалиев, келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген аумақта объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында тиісті іс-шараларды жүргізсін. Атап айтқанда, гидротехникалық құрылғыны реконструкциялау жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы жедел әзірлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.