Об утверждении Положения о кредитовании сельхозтоваропроизводителей области по программе 10 1 257 82 00 Күшін жойған
Басқа 0
Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді
10 1 257 82 00 бағдарламасы бойынша несиелеу туралы
Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы
әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 175 «2000-2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2000 жылғы 8 ақпанда өткен № 17-13/И-205 АӨК қызметкерлерінің Республикалық мәжілісінің хаттамалық шешімін орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78-11 ЗРК «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 101 257 82 00 бағдарламасы бойынша несиелеу туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы (Нұршаев Е.) несие қарызын алушылармен жасалған ережелер мен несиелеу келісім шарттар талаптарын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.) «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері несиелеу» бағдарламасын қаржыландыруды облыстық бюджетке ескерілген қаражат шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 наурыздағы №390 «2000 жылы облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Палымбетовке жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімінің
№_____ ___________ 2000 ж
шешімімен бекітілді
Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 10 1 257 82 00 бағдарламасы бойынша неиелеу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы шарттар
1. Жалпы шарттар
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 175 «2000-2002 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар Жоспарын бекіту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2000 жылғы 8 ақпанда өткен Агроөнеркәсіп қызметкерлерінің Республикалық мәжілісінің № 17-13/И-205 хаттамалық шешімін орындау мақсатында және Қазақстан РРРеспубликасының 2000 жылғы 5 шілдедегі №78-11 ЗРК «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес жасалды. Ол «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» 82 бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінетін қаржыны пайдаланудың негізгі шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің 1999 жылғы 29 желтоқсанындағы № 297 және 2000 жылғы 29 мамырдағы №472 шешімдерімен «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» 82 бағдарламасын жүзеге асыру үшін бағдарламаның Әкімгері болып облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы белгіенді.
Тармақ 3
3. 82 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» бағдарламасының операторы облыс әкімінің 2000 жылғы 27 сәуірдегі № 457 шешімімен өкілетті органы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып жаңадан құрылған «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны белгіленеді.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу келісілген мерзімге оны бюджеттің табыс жағына қайтарылымы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Бағдарламаның операторы – «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны несие алушылармен белгіленген дәрежеде несиелік және кепілдік келісім-шарттар жасайды және бюджет қаржысының тиімді мақсатты пайдалануын қамтамасыз етуде бағдарламаның Әкімгері мен облыстық бюджет алдында толық жауапкершілікте болады.
Тарау 2. 2. Қаржыны пайдалану бағыттары
2. Қаржыны пайдалану бағыттары
Тармақ 6
6. Қаржы ресурстары «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» 82 бағдарламасы бойынша мына бағыттарда беріледі:
Тармақша 1
1) тұқым сатып алуға;
Тармақша 2
2) көтерме сауда-дайындау жүйелерін дамытуға;
Тармақша 3
3) Машина-трактор стансалары және сервистік қызметтер көрсету пунктерін дамытуға;
Тармақша 4
4) Ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу, малды қолдан ұрықтандыру арқылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар құруға, облыс орталығы мен ірі мұнай кәсіпшіліктері төңірегінде сүт – тауарлы фермаларын ұйымдастыруға;
Тармақша 5
5) Лизинг негізде ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға.
Тарау 3. 3. Қаржы реурстарын бөлу құжаттарын
қабылдау, қарау, қолдау тәртібі
3. Қаржы реурстарын бөлу құжаттарын
қабылдау, қарау, қолдау тәртібі
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер несие алу үшін бағдарламаның Әкімгері – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының талабы бойынша бағдарламаның операторы – «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына мына құжаттар пакетін тапсырады:
Тармақша 1
1) бизнес-жоспар;
Тармақша 2
2) салық инспекциясынан бюджетке салық және басқа төлемдер үшін бережақтары жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) қызмет көрсетуші банкісінен бережағы жоқ жөнінде анықтама;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына бережағы жоқтығы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) Атырау облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кепілдік мүлікті бағалаған акті (тұрғын үйлер-пәтерлер, әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени ғимараттар, техникалық байқаудан өткен техникалық жарамды жағдайдағы жеңіл және жүк автокөлігі);
Тармақша 6
6) кепілдік келісім шарты.
Тармақ 8
8. Бағдарламаның Әкімгері – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қаржыландыру басталғанға дейін бағдарламаның операторы – «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қанағаттанарлық баға берген бизнес-жоспарларды қарап, салалық сараптау қорытынды береді.
Тармақ 9
9. Кепілдік ұстаушы – «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны кепілдік үшін ұсынылған мүліктің не объектінің бағаланған құнының 50 пайызы мөлшерінде ғана кепілдікке алады.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру тәртібі
4. Қаржыландыру тәртібі
Тармақ 10
10. Бюджеттің қаржы әдейі бағдарламаға белгіленген нақты мерзімге несиеге беріледі, оның ішінде:
Тармақша 1
1) тұқым сатып алуға -1 жыл
Тармақша 2
2) көтерме сауда – дайындау жүйелерін дамытуға -2 жыл
Тармақша 3
3) Машина-трактор стансаларын және сервистік қызметтер көрсету пункттерін дамытуға -2 жыл
Тармақша 4
4) Ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу және қолдан ұрықтандыру арқылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар құруға, облыс орталығы мен ірі мұнай кәсіпшіліктер төңірегінде сүт- тауарлы фермаларын ұйымдастыруға -5 жыл
Тармақша 5
5) Лизингілік негізде ауыл шаруашылығы техникасын алуға -7 жыл
Тармақ 11
11. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» 82 бағдарламасын қаржыландыруды облыстық қаржы басқармасы бюджеттік қаржыны бағдарламаның Әкімгері – облыстық ауы шаруашылығы басқармасы арқылы бағдарламаның операторы «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына аудару жолымен жүргізеді.
Тармақ 12
12. Бағдарламаның операторы – «Агросервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, несие алушылармен, бағдарламаның Әкімгері – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан бизнес-жоспарын құптаған шешім алынған негізінде несие келісім шартын жасайды.
Тарау 5. 5. Несие қаржының мақсатты
пайдаланылуын және қайтарылымын бақылау
5. Несие қаржының мақсатты
пайдаланылуын және қайтарылымын бақылау
Тармақ 13
13. Бағдарламаның Әкімгері – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, несие алушылардың несие ресурстары есебінде, алған бюджеттік қаржының мезгілінде және мақсатты пайдаланылуына, несиелік қарым-қатынастар шарттарының орындалуына бақылау жасайды.
Тармақ 14
14. Нақты бағдарлама жобасының мақсатты жүзеге асырылуына қала және тиісті аудан әкімдері де бақылау жасап отырады.
Тармақ 15
15. Несие қаржысының мақсатсыз пайдаланылуы анықталған жағдайда бағдарламаның Әкімгері, несие қаржыны толық көлемінде қайтарып алуға, нессие келісім шартының «Екі жақтың жауапкершілігі» бөлімінде көрсетілгендей, несие қаржының құнының 25 пайызы мөлшерінде айыппұл шаралар салуға құқылы.
Тарау 6. 6. Есеп беру тәртібі
6. Есеп беру тәртібі
Тармақ 16
16. Бағдарламаның Әкімгері – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, бюджеттік қаржының пайдаланылуы жөнінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі бекіткен тәртібі мен нысандары бойынша облыстық қаржы басқармасына есеп беріп отырады.