О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение об освобождении от уплаты таможенных пошлин, налогов и выдачи специальных разрешений за провоз нормативных документов, эталонов, средств измерений и стандартных образцов, провозимых с целью поверки и метрологической аттестации от 10 февраля 1995 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы Ашхабадта 2007 жылғы 22 қарашада қол қойылған 1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық хаттаманың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық хаттамасының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық хаттамаларын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады 1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА 1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері төмендегілер туралы келісті:
Тармақ 1
1. Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1.1
1.1. Келісімнің атауындағы "Тексеру" деген сөзден кейін "калибрлеу, салыстыру" деген сөздермен толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
Тармақ 1.2
1.2. Кіріспенің үшінші абзацы "өндіру, тексеру" деген сөздерден кейін "калибрлеу, салыстыру" деген сөздермен толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
Тармақ 1.3
1.3. 2-бап "Тексеру" деген сөзден кейін "калибрлеу, салыстыру" деген сөздермен толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
Тармақ 1.4
1.4. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Келісім оған 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімге қатысатын басқа мемлекеттердің депозитарийге - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне осындай қосылу туралы құжаттарды беру жолымен қосылуы үшін ашық.".
Тармақ 1.5
1.5. Келісім мынадай мазмұндағы 7-баппен толықтырылсын: "Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамамен ресімделеді.", тиісінше келесі баптардың нөмірленуі өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы Хаттаманы түсіндіруге немесе қолдануға байланысты даулар мен келіспеушіліктер, егер Тараптар басқа туралы уағдаласпаса, келіссөздер мен консультациялар жүргізу жолымен шешіледі.
Тармақ 3. 1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға Молдова Республикасының ескертуі
3. Осы Хаттама мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап күшіне енеді. 2007 жылғы 22 қарашада Ашхабад қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді. Әзірбайжан Республикасының       Молдова Республикасының       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін Армения Республикасының          Ресей Федерациясының       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін Беларусь Республикасының         Түрікменстан       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін Грузия                           Тәжікстан Республикасының       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін Қазақстан Республикасының        Өзбекстан Республикасының       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін Қырғыз Республикасының           Украина       Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін 1995 жылғы 10 ақпандағы Тексеру және метрологиялық аттестациялау мақсатында алып өтілетін нормативтік құжаттарды, эталондарды, өлшеу құралдарын және стандарттық үлгілерді алып өткені үшін кеден бажын, салықтар төлеуден және арнайы рұқсат беруден босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға Молдова Республикасының ескертуі 2007 жылғы 22 қараша Ашхабад қаласы "Молдова Республикасы осы Хаттаманың ережелерін қолдану кезінде ұлттық заңнаманың талаптарын және оның осы салада қабылдаған халықаралық міндеттемелерін басшылыққа алатын болады".