О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1997 г. N 1733 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 1999.03.15. N 245 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, аудару және Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төлемдi жүзеге асырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
осы қаулымен бекiтiлген мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, аудару және зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төлеудi жүзеге асырудың тәртiбiнде:
10-тармақтың бiрiншi абзацындағы "000015" деген сан "015" деген санмен ауыстырылсын;
23-тармақтың бесiншi абзацындағы "000010" деген сан "010" деген санмен ауыстырылсын;
29-тармақтағы:
бесiншi абзацтағы "қорлар" деген сөз "жарналар" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Банктердiң Орталыққа ақша аударуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен төлем жүйесiндегi жұмыстарға арналған форматтарға сәйкес жеке адамдардың тiзiмiмен қоса электрондық төлем тапсырыстарымен жүзеге асырылады.
Елуден астам қызметкерлерi бар заңды тұлға банкке жоғарыда
көрсетiлген форматта, электрондық таратушыдағы жеке адамдардың
тiзiмiмен қоса, төлем тапсырыстарын ұсынады (байланыс желiлерi
бойынша не магниттi таратушыларда).
Екiншi деңгейдегi банктерге деректердi өңдеу жөнiнде және/немесе
мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару жөнiнде клиенттерге ұсынылатын
қызметтер үшiн банктiң iс жүзiндегi шығындарынан аспайтын мөлшерде ақы
алу ұсынылсын".