О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1997 года N 1733 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1733 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Еңбек жарақатының немесе кәсіби ауруының салдарынан Қазақстан Республикасында 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатын азаматтар тұрақты тұруға қоныс аударатын әлемнің кейбір елдерінде Қазақстан Республикасының дипломаттық және консулдық өкілдіктері болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.03.15. N 245 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігімен, Ұлттық Банкпен және Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша 1999 жылдың бірінші тоқсанында Шетелге 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбек жарақатының немесе кәсіби ауруының салдарынан мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу тәртібінің жаңа жобасын әзірлесін және ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.