О реализации постановления Государственного комитета Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 10 июня 1997 года № 28 "О неотложных мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах Казахстана" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің "Қазақстан суайдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" 1997 жылғы 10 маусымдағы № 28 қаулысын іске асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Облыс аумағында 400 астам су қоймасы, көл және су жиналатын шаруашылық тоғарданы бар. Осы суайындарында жыл сайын 50-ден астам адам суға кетеді. Үстіміздегі жылдың алты айында 23 адам, соның ішінде 2 бала суға кетті.
Лауазымды адамдардың және суайындарын иемденушілердің адамдардың өмірін суда қорғауды ұйымдастыруға жауапкершілігімен қарамады, қауіпсіздік шараларын сақтамады, спиртті ішімдікпен мас күйінде суға шомылулар, ата-аналар тарапынан бақылаусыз балалардың суда жүзе білмейтіндігі облыстың суларындағы өлім-жітімнің негізгі себептері болып табылады.
Суда құтқару қызметінің құтқару заттарымен жарақталуы өте қанағаттанғысыз. Құтқару санатсаларымен күзет орындарының құтқару заттарының, көліктерінің, жүзу құралдарымен әбден тозығы жеткен, қолдағы техниканың жартысынан астамы жарамсыз қатарына жатады.
Адамдардың су айдындарында қазаға ұшырауын болдырмау, құтқарушылар жүргізіп отырған ұйымдастыру-профилактикалық жұмыстарының қаржымен қамтамасыз етілуін жақсарту, сондай-ақ стансалар мен күзет орындарының материалдық-техникалық жарақтануын нығайту мақсатында облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. № 1 қосымша сәйкес суда құтқару қызметінің облыстық құрылымы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Тәжібаев Қ.Қ.) төленбеген қарыздың өтелуін тездетсін және суда құтқару қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларының әкімдері арнайы төралқада суайдындарындағы қауіпсіздік мәселесін қарасын және орын алған кемшіліктерді жою жөнінде жан-жақты шаралар қабылдасын:
шомылуға және демалуға пайдаланылатын барлық су қоймалары есепке алынсын және суды пайдаланушыларға бекітіліп берілсін;
суайдындарын, пляждерді, қайықтар мен жалға алу стансалары мен басқа да су объектілерін иеленушілердің суда қауіпсіздік шараларын орындалуына қатаң бақылау қойылсын;
демалыс аймақтары мен басқа да су объектілері бар меншіктіліктің барлық түрлерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына өздерінің қаржылары есебінен құтқару стансалары немесе күзет постарын құру жүктелсін және Облсуқұтқару олардың қызметіне бақылауды қамтамасыз етсін;
ведомстволарға қарайтын округтер суайдындарында қазаға ұшырауын әрбір оқиғасы бойынша егжей-тегжейлі тергеу жүргізу және оқиғаларға нақтылы жауапкерлерді анықтау тапсырылсын. Лауазымды адамдардың немесе азаматтардың заңға қайшы әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған жағдайда тергеу материалдары кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға берілсін;
суда құтқару қызметінің мамандарына судағы кауіпсіздік Ережесін насихаттау үшін әуе толқыны уақытын (радио және теледидар) беру туралы мәселе шешілсін.
Тармақ 4
4. Суайдындарына жақын орналасқан суайдындарын, сондай-ақ демалыс аймақтарын, балалардың еңбек және демалыс лагерьлерін, санаторий- профилакторийларын иемденуші кәсіпорындар ұйымдардың басшылары меншіктілік түріне қарамастан суда ұстау ережелері туралы стендалар жабдықтасын, шомылуға бөлінген орындарды қалқыма белгілермен бөліп қойсын. Жыл сайын 1 наурызға дейін шарт негізінде су қоймаларының, пляждердің түбін сүңгуірлердің байқауы және тазартуы үшін облыстық суда құтқару қызметімен шарт жасасын.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың облыстық басқармасы (Шеянов В.Н.) облыстық суда сақтандыру қызметінің зерттеу актілері болмаса, суайдындарында демалу аймақтарын ашуға тыйым салсын.
Тармақ 6
6. Облыстық білім басқармасы (Битуова Т.Р.) суайдындарына жақын орналасқан, шомылуға арналған пляждері бар балалардың еңбек және демалыс лагерьлерінің ведомстволық бағыныстылығы мен орналасқан жерлерін көрсете отырып тізімін жасасын және жыл сайын 10 сәуірге дейін облыстық қызмет орнына берсін.
Тармақ 7
7. Облыстық ішкі істер басқармасы (Асыл-Кеней С.Б.) суайдындарында демалыс аймақтарындағы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтсін. Қапшағай су қоймасының жағалауында құқықтық тәртіпті сақтауға ерекше көңіл бөлінсін, демалыс аймақтарында жылжымалы күзеттер орналастырылсын. Демалушылардың қауіпсіздік жағдайын бақылауда құтқару қызметіне тұрақты көмек көрсетілсін.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Кенжебек О.) адамдар неғұрлым көп топтасқан аудандарда медициналық көмек көрсету, медпункттің уақытша пункттерін құру және оларды шомылу маусымы кезеңінде қажетті медикаменттермен қамтамасыз ету жөніндегі мәселені шешсін.
Тармақ 9
9. Облыстық суда құтқару қызметі (Турашев К.К.) қолда бар құтқару стансаларын, жаттығу-іздестіру топтарын одан әрі іріктесін және қажетті арнаулы жабдықтармен және құралдарымен одан әрі жарақтандырмай, оларды суайдындарында шұғыл құтқару жұмыстарын және төтенше жағдайлардың салдарларын жүргізу үшін жоғары дайындық жағдайына келтірсін;
суайдындарында қауіпсіздік ережелерінің кез-келген бұзылуларына
жол бермеу жөнінде батыл шаралар қолдансын және белгіленген тәртіпте
кінәлілерді жауапкершілікке тартсын.
Тармақ 10
10. Облыстық әкімшілік басшысының бірінші орынбасарының 1994 жылғы 26 қырқүйектегі № 2-196ө өкімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 11
11. Аудандар мен Қапшағай, Талдықорған, Текелі әкімдері 1997 жылдың
10 тамызына дейін осы шешімді орындау жөніндегі қабылданған шаралар туралы ақпаратты төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға берсін.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға (Работягов В.Н.) жүктелсін.
Басқа 13
Облыс әкімінің 1997 жылғы
14 шілдедегі № 7-270
шешіміне № 1 қосымша
Алматы облысының суда құтқару қызметінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Қоғамдық бөлімдер мен кызметтерінің атауы
Штаттағы бірліктер саны
I. Алматы облыстық суда құтқару қызметі
суда құтқару қызметінің аппараты
5
суда құтқару қызметінің бастығы
1
бас маман
1
бас бухгалтер
1
жетекші маман
1
I категориялы маман
1
2. Орталық құтқару стансасы Қапшағай су қоймасы:
24
3. II разрядты № 2 құтқару стансасы Қапшағай су қоймасы
13
4. II разрядты № 3 құтқару стансасы Қапшағай су қоймасы
14
5. II разрядты № 4 құтқару стансасы Қапшағай су қоймасы
14
6. II разрядты № 5 құтқару стансасы Қапшағай су қоймасы
14
7. II разрядты № 6 құтқару стансасы Қапшағай су қоймасы
14
8. II разрядты құтқару күзеті
3
9. II разрядты құтқару күзеті
3
10. Аумақтық бөлім
11
11. Жаттығу-іздестіру тобы
5
Барлығы:
120
ІІ. Суда құтқару қызметінің Талдықорған аймақтық орталығы
1. Суда құтқару қызметінің аймақтық орталығының аппараты:
3
облсудақұтқару бастығының орынбасары - орталықтың бастығы
1
бас маман /сүнгуір/
1
жетекші маман /бухгалтер/
1
2. ІІ разрядты Талдықорған құтқару стансасы
9
3. Балқаш құтқару стансасы
4
4. ІІІ разрядты Алакөл құтқару стансасы
5
5. жаттығу-іздестіру тобы
5
Барлығы:
26
Барлығы:
146