О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 августа 1998 года № 757 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 тамыздағы № 757 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрі қатысатын шараларды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ұялы байланысты пайдалануының тәртібі туралы" 1998 жылғы 10 тамыздағы N 757 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 27, 230-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақтағы "орталық атқарушы органдар департаменттерінің, агенттіктерінің, комитеттерінің басшыларына" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісіне, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің меңгерушісіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Хаттама бастығы мен Баспасөз хатшысына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Хатшылығының жетекшісіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісіне, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісіне" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.