О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 ноября 1999 года N 568 "О совершенствовании деятельности дорожной полиции в обеспечении общественной безопасности, пресечении и раскрытии преступлений, а также активизации розыскной деятельности" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Автомобиль жолдарындағы жол полициясының қызметін одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1085 болып тіркелген, N 1269 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі  N 519 , N 3765 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі  N 419  бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада: мемлекеттік тілдегі мәтінінде реттік нөмірі 3, 6, 7 және 8-жолдар өзгеріссіз қалдырылсын; реттік нөмірі 10-жол алынып тасталсын; мемлекеттік тілдегі мәтінінде реттік нөмірі 11, 20-жолдар өзгеріссіз қалдырылсын; реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын: «21. "Ер­тіс" бе­ке­ті "Ом­бы-Май­қап­ша­ғай" а/ж 734 км (Се­мей қа­ла­сы)" ; реттік нөмірі 35 және 49-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарындағы автотасымалдауларға бақылау жасауды жетілдіру және алымдар мен бопсалау фактілерін жою шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі N 519  бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1269 болып тіркелген), 6-тармақтан басқа, күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті (Х.Е.Досқалиев) "Жаңақорған" стационарлық бекетінің босаған штатын қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 4
4. Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.