О внесении дополнений и изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 ноября 1999 года N 568 "О совершенствовании деятельности дорожной полиции в обеспечении общественной безопасности, пресечении и раскрытии преступлений, а также активизации розыскной деятельности" Күшін жойған
Басқа 0
"Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Автомобиль жолдарындағы жол полициясының қызметін одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. "Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1085 болып тіркелген, N 1269 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі N 519 , N 3765 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 419 , N 3990 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 652 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 55-1 және 55-2-жолдармен толықтырылсын:
"55-1
"Алматы-Ташкент"
а/ж 263 - 364 км
101 км
Екіауысымдық
тәулік бойы
Жамбыл облысының
ІІД ЖПБ-ның ЖП ЖР
"55-2
"Алматы-Ташкент"
а/ж 364 - 505 км
141 км
Екіауысымдық
тәулік бойы
Жамбыл облысының
ІІД ЖПБ-ның ЖП ЖР
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"29.
"Соқыр" бекеті
"Екатеринбург-Алматы" а/ж 1490 км
Тармақ 2
2. Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті (А.В.Кулинич) "Соқыр" стационарлық бекетін штаттық санмен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізсін және белгіленген нормативтерге сәйкес бекетті техникалық жабдықтау бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр