О внесении изменений в решение Акима города Алматы "Об утверждении Положения "О порядке содержания зала игровых автоматов на территории города Алматы" от 10 сентября 1999 года N 827 Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 827 "Алматы қаласының аумағында ойын автоматтарының залын ұстау тәртiбi туралы" шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 11.10.2004 N 4/829 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Әдiлет Вице-министрiнiң Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 735 "Қарама-қайшылық күресте автордың құқығын қорғау" шешiмiне (Алматы қаласы Әдiлет басқармасында 1999 жылы 9 қыркүйекте N 71 тiркелген, "Алматы Ақшамы", "Вечерняя Алматы газеттерiнде қыркүйекте жарияланған) және 1999 жылғы 10 қыркүйектегi 827 "Алматы қаласының аумағында ойын автоматтарының залын ұстау тәртiбi туралы" Ережесiн бекiту туралы" шешiмiне (Алматы қаласы Әдiлет басқармасында 1999 жылы 15 қыркүйекте N 72 тiркелген, "Алматы Ақшамы", "Вечерняя Алматы газеттерiнде қыркүйекте жарияланған) қатысты заңды бұзушылықты қалпына келтiру қатынасын қарай келiп, Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi 827 "Алматы қаласының аумағында ойын автоматтарының залын ұстау тәртiбi туралы" Ережесiн бекiту туралы" шешiмiнiң (Алматы қаласы Әдiлет басқармасында 1999 жылы 15 қыркүйекте N 72 тiркелген, "Алматы Ақшамы", "Вечерняя Алматы газеттерiнде қыркүйекте жарияланған) N 1 қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
3.2. тармақтағы "Арнайы комиссия, сондай-ақ басқалар" сөзi алынып тасталсын;
4.3. тармақтағы "Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының нормаларын сақтауда Ойын автоматтары залына бақылауды жүзеге асырушы, сондай-ақ осы осы Ереженiң талаптарына сай" сөздерi алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы N 735 "Қарама-қайшылық күресте автордың құқығын қорғау" шешiмiнiң (Алматы қаласы Әдiлет басқармасында 1999 жылы 9 қыркүйекте N 71 тiркелген, "Алматы Ақшамы", "Вечерняя Алматы газеттерiнде қыркүйекте жарияланған) күшi жойылды деп саналсын.