О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 10 августа 1999 года № 1126 «О мерах по развитию физической культуры и спорта» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10-тамыздағы № 1126 каулысын іске асыру туралы "Қазақстан Республикасында 1996-2000 жылдарда бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19-желтоқсандағы № 3276 Жарлығын және тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10-тамыздағы № 1126 қаулысын іске асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық туризм және спорт комитеті (А. П. Лобах) кәсіпорындар мен ұйымдарда, олардың меншіктік нысандарына қарамастан, дене тәрбиесі – спорт қоғамдары мен клубтарының ұйымдастырылуы мен әрі қарай дамуына жәрдем көрсетсін, тиісті мемлекеттік органдар мен олардың қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлерін дене тәрбиесі – спорт қоғамдары мен клубтарының өткізетін спорт шараларына тарту жөнінде қажетті ұйымдастыру іс – шараларын жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында 1996 – 2000 жылдарда бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандырсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының құрама командасына кандидат спортшылардың әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарына, Олимпиадалық ойындарына және республикалық жарыстарға дайындалуға және қатысуға қаржылай көмек көпсетудің шараларын алсын;
Тармақша 3
3) Білім жүйесінде жұмыс істеп тұрған балалар жасөспірімдер спорт мектептерін қалалық және аудандық туризм және спорт комитеттерінің қарамағына берудің мәселесін шешсін;
Тармақша 4
4) Байғанин және Ойыл аудандарының әкімдері аудандық білім бөлімдері спорт мектептерінің бұрынғы мәртебелерін калпына қелтірудің және оларды туризм және спорт комитеттерінің қарамағына берудің мәселесін шешсін.
Тармақ 3
3. Тургенев көшесінің 70а және Есет батыр көшесінің 146а мекен жайында орналасқан облыстық білім басқармасының № 4 балалар жасөспірімдердің облыстық спорт мектебі, № 7 балалар-жасөспірімдердің облыстық спорт мектебі, № 8 олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдердің облыстық спорт мектебі 2000 жылдың 1 қаңтардан бастап материадық базасымен облыстық туризм және спорт комитетінің қарамағына берілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы ( Б. Е. Жантеміров) облыстық бюджетте қаралған шығыстарға сәйкес балалар-жасөспірімдердің спорт мектептерін облыстық туризм және спорт комитеті арқылы қаржыландырудың мәселелерін шешсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркповке жүктелсін.