О внесении изменений в решение Акима области от 10 августа 1999 года № 135 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 1999 жылгы 10 тамыздагы № 135 шешіміне өзгерістер енгізу туралы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзырларын анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылгы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылгы 6 шілдедегі № 935 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 252 қаулысын іске асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Облыс Әкімі жанында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы" Облыс Әкімінің 1999 жылгы 10 тамыздағы № 135 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: Осы шешіммен бекітілген облыс Әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиясы туралы Ереженің: 8 тармағы мынадай редакцияда оқылсын: "комиссияға Облыс Әкімінің бірінші орынбасары басшылық жасайды"; 9 тармақ алынып тасталсын; 10 тармақ мынадай редакцияда берілсін: "комиссияның дербес құрамын комиссияның жұмыс органының ұсынысы бойынша облыс Әкімі бекітеді"; 11 тармақ мынадай редакцияда берілсін: "комиссияның жұмыс органының қызметі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті корғау және шағын бизнесті қолдау Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментіне жүктелді"; 13 тармақтағы "және хатшысымен" деген сөз алынып тасталсын; 15 тармақтағы "хатшы" деген сөз "жұмыс органы" деген сөзбен алмастырылсын; 19 тармақ алынып тасталсын; Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия құрамы қосымшада көрсетілген редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунге жүктелсін.
Басқа 3
Облыс Әкімінің 18 сәуірдегі 2000 жылғы № 61 шешіміне қосымша Облыс әкімі жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту туралы комиссияның құрамы Виктор Васильевич Супрун - Облыс Әкімінің бірінші орынбасары, комиссияның төрағасы Ибрагим Ғабдоллаулы Ғабдолла - Қазақстан Республикасының табиғи мопополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау Агентігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Нұрмұқамбет Қанапияұлы Әбдібеков - облыстық экономика басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Жұмамұрат Ердаулетұлы Алдашев - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерсайын Ысқақұлы Әжібаев - басқармасы бастығының бірінші орынбасары Бағлан Әуелбекұлы Баймағамбетов - "Азық-түлік корпарациясы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамының президенті (келісімі бойынша) Сражатдин Жолдыбайұлы Барышев - Облыстық әділет басқармасының бастығы Бауыржан Ерссұлы Жантеміров - Облыстық қаржы басқармасының бастығы Есімқан Қалмағамбетұлы Есенбаев - Облыстық еңбек халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Жұмабай Шамқатұлы Жандәулетов - Ұлттық банк Ақтөбе облыстық бөлімшесінің директоры Есмұқан Ақнаурызұлы Құрманғазин - Қазақстан кәсіпкерлер форумы кеңесінің мүшесі (келісім бойынша) Андрей Николаевич Литвиновский - Кәсіпкерлер және жұмыс берушілер Одағының президенті (келісім бойынша) Анатолий Николаевич Марченко - Кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің директоры Тасболат Айсұлтанұлы Төлесов - Ақтөбе облысының ІІД 9-басқармасының бастығы Қаутқан Мырзабекұлы Әлімов - Ақтөбе қаласы Әкімінің орынбасары Ербол Борисұлы Байжарқынов - "Нұрдәулет" ЖШС директоры (келісім бойынша)