О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года № 1903 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 538-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықта: 11-тармақ "дәрігердің" деген сөзден кейін "мамандығы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс стажымен" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.