О признании утратившими силу некоторых указов Президента Республики Казахстан и внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 10 декабря 1999 года № 282 "Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік шекараны күзету тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 17 қаңтардағы № 2786 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 28, 238-құжат; 1999 ж., № 54, 533-құжат); 2) құпия.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 5-тармағы 2) тармақшасындағы екінші абзацы алып тасталсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.