О внесении изменения и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 10 мая 2000 года N 685 и от 22 мая 2002 года N 550 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 және 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.11.2003 № 1191 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы N 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 22, 243-құжат):
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды тағайындау:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына - екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарда көрсетілген сыйлықтар;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне - алтыншы, жетінші, тоғызыншы абзацтарда көрсетілген сыйлықтар жүктелсін.";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысында:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аса көрнекті ғалымдардың атындағы сыйлықтарды тағайындау;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.