О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 года N 707 "Об утверждении Типовых правил приема в средние профессиональные учебные заведения Республики Казахстан", зарегистрированный за N 1245 Күшін жойған
Басқа 0
№ 1245 тіркелген "Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 10 шiлдедегi № 707 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдау жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тiркеу тiзiмiндегi нормативтiк құқықтық актілерде N 1245 тiркелген, "Бiлiм және ғылым хабаршысы" журналының 2002 жылғы N 2-3 санында жарияланған "Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң N 1245 тiркелген 2000 жылғы 10 шiлдедегi N 707 бұйрығына (бұдан әрi - Бұйрық) (Бiлiм және ғылым министрiнiң N 1880 тiркелген 2002 жылғы 16 мамырдағы N 393 ; N 2232 тiркелген 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 ; N 2375 тiркелген 2003 жылғы 30 мамырдағы N 364 бұйрықтарымен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген), мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Бұйрықтың кiрiспесiнде "1999 жылғы 7 маусымдағы" деген сөздер алынып тасталсын;
Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережесiнде:
2 тармақ "3x4 мөлшерлi 4 суретiн" деген сөздерiнен соң ", ұлттық бiрыңғай тестiлеу нәтижелерiнiң сертификаты (бұдан әрi - ҰБТ сертификаты.)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар азаматтарды кәсiптiк орта оқу орындарына қабылдау азаматтардың өтiнiшi бойынша конкурстық сынақ емтихандардың балдары немесе ҰБТ сертификатында көрсетiлген балдар негiзде жасалады.";
3-1 тармақта "20 маусымнан 15 тамызға дейiн" деген сөздер "20 маусымнан 20 тамызға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Азаматтарды қабылдау түсу емтихандары аяқталғаннан кейiн және күндiзгi оқу нысанына түсетiндер үшiн 25 тамыздан 30 тамызға дейiн, кешкi және сырттай оқу нысанына түсетiндер үшiн 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейiн жүргiзiледi";
7-тармақтың үшiншi абзацында "30 пайыздан кем" деген сөздер "30 баллдан кем" деген сөздермен ауыстырылсын, "25"-ті "30"-ға;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Орта кәсiптiк оқу орнының қабылдау комиссияларына кешендi тестiлеуге қатысқан, басқа колледждерге (училищелерге) және жоғары оқу орындарына конкурстан өтпеген тұлғаларды белгiленген үлгiдегi мемлекеттiк сертификаттар негiзiнде қабылдауды жүзеге асыру құқығы берiледi".
Тармақ 2
2. Орта бiлiм департаментi (С.Б. Есбосынова) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Шәмшидиноваға жүктелсiн.