О внесении дополнений в приказ Министерства образования и науки Республики Казахстан от 10 июля 2000 г. N 708 "Об утверждении нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность дошкольных и общеобразовательных организаций образования" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі бұйрығына толықтырулар енгізу туралы "Білім туралы" Z990389_ Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" V001216_ Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 708 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережеде: 9-тармақ "әртүрлі білім беру мектептері," деген сөздерден кейін "мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар,"; деген сөздермен толықтырылсын. 21-тармақ "-30 адамнан," деген сөздерден кейін "лицейлік және гимназиялық сыныптарда (7-сыныптан бастап) 25 адамнан аспауы керек,"; деген сөздермен толықтырылсын; 22-тармақ "адам, ал ауылдық жерде 20-дан асқан жағдайда" деген сөздерден кейін "сондай-ақ лицейлік және гимназиялық сыныптарда профильді және арнаулы пәндер бойынша, гимназиялық сыныптарда шет тілдерін оқығанда үш топқа"; деген сөздермен толықтырылсын. 72-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстар мен факультативтер ұйымдастыруға лицейлік және гимназиялық әр сыныпқа 4 сағат, сондай-ақ үйірмелер, студиялар, ғылыми қоғамдар ұйымдастыруға әр сыныпқа 0.25 мұғалімдер ставкасы есебінен, сонымен бірге әр мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен келісім-шарт негізіндегі жекелеген курстар мен лекцияларға ақы төлеу үшін қаржы бөлінеді. Факультативтік сабақтар мен таңдау бойынша курстар топтардағы адам саны 10-нан кем болмаған жағдайда жүргізіледі.".
Тармақ 2
2. Жалпы орта және бастауыш кәсіптік білім департаменті (Р. Жұмабекова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының (департаменттерінің) бастықтары осы бұйрықты белгіленген тәртіппен барлық аудандық, қалалық білім бөлімдері мен ұйымдарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-Министр Б.Т. Жұмағұловқа жүктелсін.