О признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2001 года N 1170 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қыркүйектегі N 1170 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Республикада мазутты тұтынудың азаюымен байланысты және мұнай өңдеу зауыттары резервуарлық парктерінің толып кетуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 қыркүйектегі N 1170 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 31, 415-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.