О внесении изменений в решение акима области «О координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией» от 10 января 2001 года № 3 (регистрационный номер № 675) Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» 2001 жылғы 10 қаңтардағы № 3 шешіміне (тіркеу № 675) өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.08.2004 № 219 қаулысымен.
Облыстың құқық қорғау және бақылаушы органдары басшылығындағы өзгерістерге байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" 2001 жылғы 10 қаңтардағы N 3 шешіміне (тіркеу № 675; облыс әкімінің 2001 жылғы 2 наурыздағы № 64 шешімімен енгізілген толықтырулармен; облыс әкімінің 2001 жылғы 26 мамырдағы № 131 және 2002 жылғы 8 сәуірдегі № 48 шешімдерімен енгізілген өзгерістермен қоса) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Ботабеков Түймебай Байболлаұлы - Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің бастығы;
Сәтмағанбет Бақыт Сегізбайұлы - Батыс Қазақстан облыстық кеден басқармасының бастығы.
Тармақша 2
2) үйлестіру Кеңесінің құрамынан Қабдығали Ахметұлы Ахметов, Әлібек Намимұлы Картов шығарылсын.