О внесении изменений и дополнений в решение Акима области от 10 января 2001 года № 3 "О Координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией" (регистрационный номер № 675) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы" 2001 жылғы 10 қаңтардағы № 3 шешіміне (тіркеу № 675) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Oблыста мемлекеттік органдар басшылығындағы кадрлық өзгерістерге байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің "Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы" 2001 жылғы 10 қаңтардағы № 3 шешіміне (тіркеу № 675; облыс әкімінің 2001 жылғы 2 наурыздағы № 64 шешімі толықтыруларымен; 2001 жылғы 26 мамырдағы № 131 шешімімен; 2002 жылғы 8 сәуірдегі № 48; 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 2; 2003 жылғы 21 шілдедегі № 16 шешімдерімен енгізілген өзгерістер, "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 12, 2003 жылғы 3 шілдедегі № 92 сандарында жарияланған өзгерістермен қоса) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін: Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы - облыс әкімі, Үйлестіру Кеңесінің төрағасы Мұхитова Әсия Мұсақызы - Батыс Қазақстан облыстық әділет басқармасының бастығы, Үйлестіру Кеңесінің мүшесі
Тармақша 2
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамынан Көшербаев Қырымбек Елеуұлы шығарылсын.