О внесении изменений и дополнений в решение акима области от 10 января 2001 года № 3 «О Координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией» (регистрационный № 675) Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» 2001 жылғы 10 қаңтардағы № 3 шешіміне (тіркеу № 675) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Облыста мемлекеттік органдар басшылығындағы кадрлық өзгерістерге байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы" 2001 жылғы 10 қаңтардағы N 3 шешіміне (тіркеу N 675; облыс әкімінің 2001 жылғы 2 наурыздағы N 64 шешімі толықтыруларымен; 2001 жылғы 26 мамырдағы N 131 шешімімен; 2002 жылғы 8 сәуірдегі N 48; 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 2; 2003 жылғы 21 шілдедегі N 16 ; 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 21 шешімдерімен енгізілген өзгерістер, "Орал өңірі" мен "Приуралье" газеттерінде 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 12, 2003 жылғы 3 шілдедегі N 92, 2003 жылғы 11 желтоқсандағы N 150 сандарында жарияланған өзгерістермен қоса) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Көпбосынов Берік Кеңесбайұлы - Батыс Қазақстан облыстық қаржы полициясы
департаментінің бастығы, үйлестіру Кеңесінің
мүшесі;
Өтешов Жангелді - облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
жұмыстар жөніндегі бөлім меңгерушісі,
үйлестіру кеңесінің хатшысы;
Тармақша 2
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің құрамынан Ботабеков Түймебай Байболлаұлы мен Даньшина Татьяна Александрқызы шығарылсын.