О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 10 апреля 2001 года № 3 «Об усилении охраны рыбных запасов» (регистрационный № 803) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі № 3 «Балық қорларын қорғауды күшейту туралы» (тіркелген № 803) қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.03.2004 № 100 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , "Жануарлар дүниесін қорғау, өнімділігін молайту және пайдалану туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірқатар аумақтық басқармалары қайта ұйымдастырылуына байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 3 "Балық қорларын қорғауды күшейту туралы" (тіркелген N 803) қаулысына төмендегідей өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 6-тармақтағы "облыстық аумақтық жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау басқармасы, орман және биоқорлар басқармасы" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 7-тармақтағы "Облыстық салық комитеті" деген сөздер "Батыс Қазақстан облысы бойынша дәрменсіз бережақтармен жұмыс жөніндегі комитет басқармасына" деген сөздермен алмастырылсын;
Тармақша 3
3) 9-тармақтағы "қоры" деген сөз "Облыстық аумақтық басқармаға" деген сөздермен алмастырылсын;
Тармақша 4
4) облыс әкімдігінің жоғарыда көрсетілген қаулысына "Балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың құрамы" қосымшасы осы қаулыға беріліп отырған қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Облыс әкімдігінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі N 91 "Облыстық әкімдіктің 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 3 "Барлық қорларын қорғауды күшейту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы күшін жойды деп саналсын.
Басқа 7. Балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ
Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 89 қаулысына қосымша Балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ Есенғалиев Абат Қадимұлы - облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы Әлпейісов Қадыр Бақтығалиұлы - балық қорын қорғау жөніндегі облыстық инспекцияның бастығы, штаб бастығының орынбасары Жауымбаев Бүркіт Елемесұлы - Батыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, штаб бастығының орынбасары Штаб мүшелері: Бирюков Алексей Иванович - облыстық мемлекеттік санэпидқадағалау басқармасының бастығы Елеуов Сырымбет Максимұлы - Батыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бойынша су полициясы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ерназаров Бауыржан Алтынбекұлы - қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары Қазбаев Абылай Сәлімгерейұлы - Батыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы бастығының орынбасары Құрманғалиев Алдан Хабиболлаұлы - Батыс Қазақстан облысы бойынша дәрменсіз бережақтармен жұмыс жөніндегі комитет басқармасының бастығы Сұлтанбаев Қайсар Әбілекұлы - Батыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасы жол полициясы облыстық басқармасының бастығы Үмбетәлиев Әзербай Латыпұлы - Батыс Қазақстан облысы бойынша көлік бақылау басқармасының бастығы Оразғалиев Марат Нұржанұлы - Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы