О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 10 апреля 2001 года № 3 «Об усилении охраны рыбных запасов» (регистрационный № 803) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «Балық қорларын қорғауды күшейту туралы» 2001 жылғы 10 сәуірдегі № 3 қаулысына (тіркеу № 803) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңдарына сәйкес және бірқатар мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастырылуына және кадрлар өзгерісіне байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Балық қорларын қорғауды күшейту туралы" 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 3 қаулысына (тіркеу N 803) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 6-тармақтың 1-абзацы төмендегідей редакцияда мазмұндалсын: "Батыс Қазақстан облыстық балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі инспекциясы, Батыс Қазақстан облысы бойынша Батыс аймақтық басқармасының балық инспекциясы, Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы, Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті, Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi:";
Тармақша 2
2) 8-тармақ төмендегідей редакцияда мазмұндалсын: "Батыс Қазақстан облыстық балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі инспекциясы, Батыс Қазақстан облысы бойынша Батыс аймақтық басқармасының балық инспекциясы, Батыс Қазақстан облыстық салық комитетi тартып алынған балықтарды сатудың төменгi бағасын белгiлеу жөнiнде дер кезiнде ұсыныстар әзiрлесiн және оны мүдделi ұйымдарға жеткiзсiн.";
Тармақша 3
3) 9-тармақтағы "қоршаған ортаны қорғау Облыстық аумақтық басқармаға" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) облыс әкімдігінің жоғарыда көрсетілген қаулысының "Балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың құрамы" деген қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. "Облыс әкімдігінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 3 "Балық қорларын қорғауды күшейту туралы" (тіркелген N 803) қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 89 қаулысының ("Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінің 2003 жылғы 1 мамырдағы N 51-52 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
Басқа 8. Балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмдігінің 2004 жылғы 30 наурыздағы N 100 қаулысына қосымша Балық қорларын қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің жұмысын үйлестіру жөніндегі облыстық штабтың ҚҰРАМЫ Есенғалиев Абат Қадимұлы облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы Әлпейісов Қадыр Бақтығалиұлы Батыс Қазақстан облыстық балық қорларын қорғау жөніндегі инспекцияның бастығы Жауымбаев Бүркіт Елемесұлы Батыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ерназаров Бауыржан Алтынбекұлы Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментінің қаржы полициясы бастығының орынбасары Қайдашева Ақлима Ғатауқызы Батыс Қазақстан облыстық салық комитеті төрағасының орынбасары Неелов Владислав Павлович облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Таран Александр Михайлович Батыс Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің кеден ісі саласындағы қылмыс және құқық бұзушылықпен күресу басқармасының бастығы Щербина Сергей Николаевич Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары