О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 10 апреля 2001 года № 485 и от 18 апреля 2001 года № 503 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі № 485 және 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 503 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі N 485 қаулысына:
кіріспеде "көктемгі дала" деген сөздерден кейін "және егін жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
екінші абзацта "жанар-жағармай материалдарын" деген сөздерден кейін ", тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта "жанар-жағармай материалдарын" деген сөздерден кейін ", тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
"көктемгі дала" деген сөздерден кейін "және егін жинау" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "көктемгі дала" деген сөздерден кейін "және егін жинау" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақша 2
2) "2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттерді несиелендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі N 503 қаулысына:
2-тармақтың екінші, үшінші абзацтары "жанар-жағармай материалдарын" деген сөздерден кейін ", тұқым, тыңайтқыш, гербицид, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген 2001 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттерді
несиелендіру ережесінде:
2 және 7-тармақтар тиісінше "жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ)"
деген және "ЖЖМ" деген сөздерден кейін ", тұқым, тыңайтқыш, гербицид,
ауыл шаруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алу үшін,
ауыл шаруашылығы техникасын жалға алу немесе" деген сөздермен
толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.