О внесении изменений в постановление акимата от 10 мая 2001 года № 59 «О закреплении рыбохозяйственных водоемов и охотничьих угодий» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімияттың 2001 жылғы 10 мамырдағы № 59 «Балық шаруашылығы су тоғандары мен аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593-II «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9, 10, 30-баптарына сәйкес балық қорын ұтымды пайдалану мақсатында және «Қостанай облысытық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемемсі мен «Солтүстік аймақтық балық инспекиясының басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорытындысының негізінде Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 10 мамырдағы № 59 «Балық шаруашылығы су тоғандары мен аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы» қаулысына, мемлекеттік тіркеу нөмірі 815 (2001 жылғы 5 маусымдағы «Қостанай таңы»), (Қостанай облысы әкімиятының 2004 жылғы 8 маусымдағы № 149 «Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 10 мамырдағы № 59 «Балық шаруашылық су айдындарын және аңшылық жерлерді бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3011 қаулысымен өзгерістер енгізілген), өзгерістер енгізілген: 1-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Солтүстік аймақтық балық инспекциясының басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңдарға сәйкес балық шаруашылығы су тоғандары мен аңшылық алқаптарды қайта бекітіп беру жөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылсын.