О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 10 мая 2001 года № 60 «О закреплении охотничьих угодий за общественным объединением «Областное общество охотников и рыболовов», номер государственной регистрации 821 Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының
2001 жылғы 10 мамырдағы № 60
«Облыстық аңшылар мен балықшылар
қоғамы» қоғамдық бірлестігіне аңшылық
жерлерді бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік
тіркеу нөмірі 821
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының 14, 16, 38-баптарына сәйкес және облыстың аңшылық қорын қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану мақсатында Қостанай облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 10 мамырдағы № 60 «Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлістігіне аңшылық жерлерді бекіту туралы» қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 821) өзгерістер енгізілсін:
қаулының қосымшасында «Иманов» деген сөз «Иманов бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын, «барлығы» деген сөзден кейін «2 776 309» деген цифр «2 506 309» деген цифрмен ауыстырылсын.