О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 1300 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 443-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің Регламентінде: "Үкiметтiң мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi" деген 4-бөлімі 18-тармағының 2) тармақшасында: "(қарiптің түрi мемлекеттік тілдегi мәтiндер үшiн - "Тimes/Каzаkh", орыс тiліндегi мәтiндер үшiн - "Аriаl)" деген сөздер "мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде қаріптiң гарнитурасы "TimesNewRoman" деген сөздермен ауыстырылсын; "Мемлекеттiк органдардың Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын дайындау және ресiмдеу тәртiбi" деген 5-бөлiмнің 35-тармағында "(қаріп үлгiсi мемлекеттiк тiлдегi мәтiндер үшiн - "Тimes/Каzаkh", орыс тiлiндегi мәтiндер үшiн - "Аriаl"; қаріп мөлшерi 14)" деген сөздер "мемлекеттiк және орыс тілдерінде - қаріп мөлшерi 14, қарiптің гарнитурасы "TimesNewRoman", кодтау стандарты ҚР СТ 1048-2002 стандартына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.