О внесении дополнения и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 января 2002 года N 23 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ережесiнде: 17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргiзу кезеңiнде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң өздері орындап жүрген түрлерiн жалғастыра беруге құқылы."; 18-тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерінің тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 1270 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң ТIЗБЕСI
Тарау 1. 1. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстары
1. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстары
Тармақ 1
1. Инженерлiк-геодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
Тармақша 1
1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
Тармақша 2
2) инженерлік-гидрологиялық жұмыстар;
Тармақша 3
3) жоспарлы-биіктiк түсiрулер желiлерiн жасау;
Тармақша 4
4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
Тармақша 5
5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желілік құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
Тармақша 6
6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелерді, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
Тармақша 7
7) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiріп алу;
Тармақша 8
8) топырақты далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
Тармақша 9
9) топырақты, жер асты суларын, негіздер мен іргетастарды зертханалық зерттеулер.
Тарау 2. 2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзімділігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзімділігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
Тармақ 2
2. Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу:
Тармақша 1
1) жоспарлау құжаттамасы (елді мекендердiң бас жоспарлары, аудандарды, шағын аудандарды, кварталдар мен жекелеген учаскелерді, тәптiштелген жоспарлау, салу жобалары);
Тармақша 2
2) көлік схемалары, сыртқы көлiк, көше-жол желiсi;
Тармақша 3
3) жылумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
Тармақша 4
4) сумен жабдықтау желілерінің, кәріз желiлерінің схемалары;
Тармақша 5
5) газбен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
Тармақша 6
6) энергиямен жабдықтау желілерінің схемалары;
Тармақша 7
7) телекоммуникациялар мен байланыс желiлерінің схемалары.
Тармақ 3
3. Күрделiлiгi I, ІІ, ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жобалау:
Тармақша 1
1) объектілердiң бас жоспарлары, жер бедерiн көркейту және ыңғайластыру жобалары;
Тармақша 2
2) өндiрiстік мақсаттағы объектілер;
Тармақша 3
3) ғимараттар мен құрылыстарды (тарих және мәдениет ескерткіштерiнен басқа) қайта жаңғыртуды және қалпына келтiрудi қоса алғанда тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстар.
Тармақ 4
4. Құрылыстық жобалау және құрастыру:
Тармақша 1
1) негiздер мен іргетастар 1 ;
Тармақша 2
2) бетонды және темір-бетонды, тасты және шегенделген тасты құрастырмалар 1 ;
Тармақша 3
3) болат және алюминий құрастырмалар 1 ;
Тармақша 4
4) ағаш құрастырмалар 1 ;
Тармақша 5
5) ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту. Ескертпе: - 1 осы жұмыс түрлерінің тармақтары үшiн ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту үшін жобалау құқығы бар.
Тармақ 5
5. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi жобалау:
Тармақша 1
1) жылыту (электрлікті қоса алғанда), желдету, кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәріз;
Тармақша 2
2) жылумен жабдықтау;
Тармақша 3
3) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары;
Тармақша 4
4) төмен қысымды газбен жабдықтау;
Тармақша 5
5) орташа және жоғары қысымды газбен жабдықтау;
Тармақша 6
6) салқын ауамен жабдықтау;
Тармақша 7
7) 0,4 кВ-ға дейiнгі, 10 кВ-ға дейiнгi электрмен жабдықтау, электрлік жарықтандыру;
Тармақша 8
8) 35 кВ-ға дейiнгi, 110 кВ-ға дейiнгі және одан жоғары электрмен жабдықтау;
Тармақша 9
9) технологиялық процестердi автоматтандыру;
Тармақша 10
10) тогы әлсiз құрылғылар.
Тармақ 6
6. Жобалардың арнайы бөлімдерiн әзiрлеу:
Тармақша 1
1) еңбекті қорғау;
Тармақша 2
2) тот басудан қорғау;
Тармақша 3
3) ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту немесе қайта жабдықтау үшін жобалау кезеңіндегi өрт-күзет дабылы, автоматика, өрт сөндіру мен өрттен қорғау жүйелері;
Тармақша 4
4) сметалық құжаттама;
Тармақша 5
5) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыстар жүргізу жобалары (ЖЖЖ).
Тармақ 7
7. Технологиялық жобалау: Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
Тармақша 1
1) мектепке дейiнгi бiлiм беруге, жалпы және арнайы білім беруге, кадрларды даярлауға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдарға, басқаруға, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелеріне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, демалыс пен туризмге арналған ғимараттар мен құрылыстар, әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қоса алғанда, көп функциялы ғимараттар мен кешендер;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар (дәрiханаларды қоспағанда);
Тармақша 3
3) халыққа тiкелей қызмет көрсету мақсатындағы көлiкке арналған ғимараттар мен құрылыстар, коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қоймалық және көлiк ғимараттары мен құрылыстарынан басқа). Өндiрiстiк мақсаттағы объектілер:
Тармақша 1
1) энергетика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 2
2) мұнай-газ өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 3
3) кен өндiру өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 4
4) қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсіпорындары;
Тармақша 5
5) ауыр машина жасау кәсіпорындары;
Тармақша 6
6) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 7
7) бөгеттер, бөгесіндер, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
Тармақша 8
8) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыстар мен құрастырмалар;
Тармақша 9
9) көтеру құрылыстары;
Тармақша 10
10) қалаішілік көлiк (жер үстi автомобиль және электрлі, жер асты, жер бетi, аспалы, су) және сыртқы автомобиль, темiр жол, әуе, су көлiгi кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары;
Тармақша 11
11) инженерлік инфрақұрылым кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары. Байланыс объектiлерi мен құрылыстары:
Тармақша 1
1) жергілiктi байланыс, радио мен телекоммуникация желілері;
Тармақша 2
2) жалпы республикалық және халықаралық байланыс пен телекоммуникациялар желiлерi. Ауыл шаруашылығы объектілерi (қайта өңдеу өнеркәсібінiң кәсіпорындарын қоспағанда). Көлiк құрылысы:
Тармақша 1
1) темiр жол көлігінің қатынас жолдары;
Тармақша 2
2) барлық санаттағы автомобиль жолдары;
Тармақша 3
3) қалалық электрдi көлiктердiң көше-жол желiсi;
Тармақша 4
4) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.
Тарау 3. 3. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру
3. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру
Тармақ 8
8. Сертификатталатындарды қоспағанда, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру:
Тармақша 1
1) желдеткiш, санитарлық-техникалық, электр монтаждық жабдықтар;
Тармақша 2
2) металдардан, полимерлiк және өндiрiс қалдықтары негiзiндегi композиттiк материалдардан;
Тармақша 3
3) мұнара-дiңгек үлгiсіндегі элементтер, түтін шығару мұржалары;
Тармақша 4
4) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтерi;
Тармақша 5
5) резервуарлар мен көлемi 5000 м 3 дейінгi сыйымдылықтар;
Тармақша 6
6) қысыммен жұмыс iстейтін немесе өртену қаупi бар және қоршаған ортаға зиянды материалдарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтар;
Тармақша 7
7) тiреуiш және қоршау элементтері;
Тармақша 8
8) технологиялық металл құрастырмалар мен олардың тетiктерi.
Тарау 4. 4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзiмдiлігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (сейсмикалық емес аудандарда және/немесе сейсмикалық төзiмдiлігі 7 балл және одан жоғары аудандарда)
Тармақ 9
9. Жер жұмыстары.
Тармақ 10
10. Ғимараттар мен құрылыстардың күрделілігі I немесе II және III деңгейдегi тiреуiш және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
Тармақша 1
1) металл құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
Тармақша 2
2) болат резервуарлар мен 5000 м 3 дейінгi сыйымдылықтарды;
Тармақша 3
3) қысыммен жұмыс iстейтiн, жарылу қаупi бар және қоршаған орта үшін зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
Тармақша 4
4) мұнара және дiңгек үлгісiндегi құрылыс құрастырмаларын, түтін мұржаларын монтаждау;
Тармақша 5
5) көпiрлер мен көпiр өткелдерінің тiреуiш құрастырмаларын монтаждау;
Тармақша 6
6) көтергіш құрылыстардың (лифттердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергіштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
Тармақша 7
7) металлургия, мұнай химиясы, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсіп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
Тармақша 8
8) құйма бетон және темiр-бетон құрастырмаларын орналастыру;
Тармақша 9
9) негiздер мен iргетастарды орналастыру, қада қағу жұмыстары;
Тармақша 10
10) құрама бетон және темір-бетон құрастырмаларды, тіреуіш ағаш құрастырмаларды монтаждау, тас, кірпіш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру, қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
Тармақша 11
11) шатырлау жұмыстары.
Тармақ 11
11. Арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары, топырақтағы арнайы жұмыстар:
Тармақша 1
1) мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желілері;
Тармақша 2
2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсіпшілік желiлерi;
Тармақша 3
3) ұңғымаларды жайластыру;
Тармақша 4
4) кернеуі 35 кВ дейiнгi электр бeру магистральдық желілері;
Тармақша 5
5) кернеуi 110 кВ дейiнгі және одан жоғары электр беру магистральдық желілері;
Тармақша 6
6) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерiн газдандыру;
Тармақша 7
7) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары, бөгеттер, бөгесiндер;
Тармақша 8
8) түтін шығару мұржалары, күш тiректерi, градирнялар, шахта үстіндегі тоқпақтар;
Тармақша 9
9) отқа төзiмдi материалдарды қалау;
Тармақша 10
10) жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждау;
Тармақша 11
11) түстi металдардан, полимерлік материалдардан және шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
Тармақша 12
12) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық және халықаралық желiлерi;
Тармақша 13
13) мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газдар қоймалары;
Тармақша 14
14) топырақта бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстары;
Тармақша 15
15) су асты-техникалық және теңiз қайраңындағы жұмыстар;
Тармақша 16
16) мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстары;
Тармақша 17
17) топырақтағы гидромеханикаландырылған жұмыстар;
Тармақша 18
18) тау-кен ұңғылау мен тоннель қазу жұмыстары, сүзілуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекiту, жер асты суларының деңгейiн төмендету.
Тармақ 12
12. Сыртқы инженерлік желiлер мен құрылыстарды және iшкi инженерлiк желілерді орналастыру жөнiндегi жұмыстар:
Тармақша 1
1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырлар;
Тармақша 2
2) жылу желілері;
Тармақша 3
3) төмен қысымды газбен жабдықтау желілері;
Тармақша 4
4) орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желілерi;
Тармақша 5
5) сумен жабдықтау және кәріз желiлерi;
Тармақша 6
6) электрмен жабдықтау желілерi, электрмен жарықтандыруды орнату;
Тармақша 7
7) темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желілері, әуе көлiгi кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желілері;
Тармақша 8
8) байланыс, радио, теледидар желілері мен ішкі жүйелері;
Тармақша 9
9) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
Тармақша 10
10) электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру, электрмен жылыту;
Тармақша 11
11) жылумен жабдықтау;
Тармақша 12
12) газбен жабдықтау;
Тармақша 13
13) сумен жабдықтау, кәріз.
Тармақ 13
13. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөнiндегi жұмыстар:
Тармақша 1
1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
Тармақша 2
2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етіп қымтау;
Тармақша 3
3) қаптау мен шегендеу жұмыстары;
Тармақша 4
4) агрессивті су әсерi кезінде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, құбырларды тоттанудан сақтау;
Тармақша 5
5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электрохимиялық қорғау.
Тармақ 14
14. Майлау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделілігі І немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын салу, қайта құру, күрделі жөндеу кезiндегi әрлеу жұмыстары.
Тармақ 15
15. Жол құрылысы жөнiндегi жұмыстар:
Тармақша 1
1) темiр жол тармақтарына арналған негiздер;
Тармақша 2
2) темiр жол тармағының үстiңгi қабатын төсеу;
Тармақша 3
3) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар республикалық маңызды автожолдардың негiздерi мен жабыны;
Тармақша 4
4) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны, шаруашылықішілік автожолдардың негiздерi мен жабыны;
Тармақша 5
5) қалалық жол желiсiнiң негiздерi мен жабыны;
Тармақша 6
6) әуежайлар ұшу-қону алаңдарының және тікұшақтар алаңдарының негiздерi мен жабыны.
Тармақ 16
16. Технологиялық жабдықтарды (iске қосу-оңдау жұмыстарын қоса алғанда) монтаждау:
Тармақша 1
1) көтергіш-көлiктік, лифтiлер;
Тармақша 2
2) металл өңдеу;
Тармақша 3
3) ағаш өңдеу;
Тармақша 4
4) металлургиялық, ұсақтау-уату, кен байыту және агломерациялық;
Тармақша 5
5) мұнай кәсiпшілігі, газ кәсiпшілігі;
Тармақша 6
6) геологиялық барлау, бұрғылау;
Тармақша 7
7) тау-шахта метрополитендер мен тоннельдер;
Тармақша 8
8) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
Тармақша 9
9) бақылау, аварияға қарсы қорғау және дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
Тармақша 10
10) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткіштер;
Тармақша 11
11) темiр жол көлiгіндегi байланыс, дабыл, орталықтандыру және блоктау құрылғылары мен жабдықтары;
Тармақша 12
12) газдарды тазалау;
Тармақша 13
13) технологиялық металл құрастырмалары, құбырлар;
Тармақша 14
14) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар, электр пештері;
Тармақша 15
15) қазандық қондырғылар, жылулық-күштік және көмекшi жабдық;
Тармақша 16
16) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен eceпкe алу аспаптары;
Тармақша 17
17) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 18
18) көмiр өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
Тармақша 19
19) гидроэлектр станциялары мен гидротехникалық құрылыстар;
Тармақша 20
20) жылу электр станциялары;
Тармақша 21
21) байланыс кәсiпорындары;
Тармақша 22
22) құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары;
Тармақша 23
23) жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары;
Тармақша 24
24) театр-ойын-сауық ғимараттары мен құрылыстары;
Тармақша 25
25) астық өңдеу жөніндегi, тамақ өнеркәсiбi кәсіпорындары және астық қоймалары.
Тармақ 17
17. Күрделілігі I немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмаларын күшейтудi қоса алғанда, күрделі жөндеу және қайта құру:
Тармақша 1
1) ғимараттар мен құрылыстардың тiреуiш және қоршау құрастырмалары (eceптеу схемасын өзгертпей);
Тармақша 2
2) шатыр жабындылары мен құрастырмалары;
Тармақша 3
3) сыртқы және ішкі инженерлiк желiлер (газбен жабдықтаудан басқа);
Тармақша 4
4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары, бу құбырлары, ауа құбырлары және басқа да стационарлық тасымалдау құрылғыларының желілері;
Тармақша 5
5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, тоттануға қарсы, химиялық және т.б.) қорғау жабындары;
Тармақша 6
6) республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары, шаруашылықішілік және қалалық көше-жол желiлерi;
Тармақша 7
7) темiр жолдар;
Тармақша 8
8) тоннельдері;
Тармақша 9
9) гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстар;
Тармақша 10
10) лифтілердi, көтергіш көлiк құрылғылары мен құрылыстарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 11
11) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтері.
Тарау 5. 5. Сараптама жұмыстары
5. Сараптама жұмыстары
Тармақ 18
18. Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезіндегі инжинирингтік қызметтер көрсету:
Тармақша 1
1) құрылыс процесіне технологиялық сүйемелдеу жүргізу әдiсімен және мамандандырылған зертханалар арқылы жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының субъектілерi жүзеге асыратын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөнiндегi инженерлiк қызмет;
Тармақша 2
2) жұмысшы кадрлар мен мамандарды аттестаттау;
Тармақша 3
3) лицензия алуға ниет білдiруші заңды және жеке тұлғалардың өндiрiстiк-техникалық базасын және біліктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексере отырып, техникалық аудит пен лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) ұсынатын материалдардың (құжаттардың) сараптамасы;
Тармақша 4
4) жобаларды мемлекеттiк сараптаудың ерекше құзыретiне жатпайтын жұмыстар мен қызмет көрсету рыногының субъектiлерi орындайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бөлімдерiне сараптама;
Тармақша 5
5) ғимараттардың (құрылыстардың) және инженерлiк жүйелер мен коммуникациялардың техникалық жай-күйiн тексерудi қоса алғанда, қазiргi ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс iстеу сенiмділігiн әрi берiктігін бағалау. Ескертпелер:
Тармақша 1
1) лицензиат (лицензия алуға талапкердiң) растаған біліктiлік талаптарына байланысты лицензиар ғимараттардың, құрылыстар мен құрастырмалардың сейсмикалық аудандастырылуы және күрделілiк деңгейлерi бойынша шектеулер белгiлей алады;
Тармақша 2
2) лицензия берген кезде лицензияға қоса берiлетiн тiзбеде рұқсат етiлген жұмыс түрiнiң толықтығы нақтыланады.