О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года N 608 "Об утверждении Правил составления налоговой отчетности", зарегистрированный за номером 2079 Күшін жойған
Басқа 0
2079 нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 608 Салық есептiлiгiн жасау Ережелерiн бекiту туралы" бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 608 "Салық есептiлiгiн жасау Ережелерiн бекiту туралы" бұйрығына (2002 жылғы 10 желтоқсанда 2079 нөмiрмен тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген, Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiндегi корпорациялық табыс салығы мен аванстық төлемдер сомасының Есебiн жасау ережелерiнде (101.07-101.08-нысандар):
N 2 қосымшаның "Есеп" бөлiмiнде 101.08.001 жолының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Филиал/өкiлдiк/оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге жататын салық сомасы".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Әдiстеме басқармасы (М.В. Бачурина) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы Бұйрық оны мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.