О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
60-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған, Үкімет резервінен қаражат бөлуге байланысты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша, қарыз туралы халықаралық шарттар туралы Үкімет қаулыларының жобаларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының жазбаша не ауызша тапсырмасы бар жобаларды қоспағанда, қаулы жобалары Үкімет отырысына Кеңсеге түскен күнінен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күні өткен соң шығарылады.»;
70-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуға тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнінен, қарыз туралы халықаралық шарттар туралы – 10 (он) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдері – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасымен әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.