О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 "О Регламенте Правительства Республики Казахстан" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде: 8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тапсырмалардың жобаларын дайындау кезінде мыналар ескеріледі: 1) көтеріліп отырған мәселелердің пысықталғандығы; 2) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі; 3) нәтижелілігі мен тиімділігі (нақты түпкі нәтижесі көрсетіледі); 4) орындалу мерзімдерінің шынайылығы; 5) экономикалық орындылығы мен ресурстармен қамтамасыз етілуі; 6) өзге тапсырмалармен қайталанудың жоқтығы.»; 32-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Қаулы (өкім) жобасында тапсырмалық сипаттағы ережелер бар болған жағдайда, мемлекеттік органдар осы Регламенттің 8-тармағының екінші абзацын басшылыққа алады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.