О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 января 2002 года № 23 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 1, 9-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің тізбесінде: "Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық төзімділігі 6 балға дейін және/немесе 6 балдан жоғары аудандарда)" деген 2-бөлімде: 3-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын; 7-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.