О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 10 октября 2002 года № 401 "Об утверждении Правил лицензирования и регулирования деятельности по инкассации, пересылке банкнот, монет и ценностей юридических лиц, не являющихся банками"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 10 октября 2002 года № 401 "Об утверждении Правил лицензирования и регулирования деятельности по инкассации, пересылке банкнот, монет и ценностей юридических лиц, не являющихся банками"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысына енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 18.10.2005
- Көрсетілген редакция
- 24.08.2012 AI25856_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003935_
- ЭКБ идентификаторы
- 25856
- Редакция идентификаторы
- AI25856_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:18
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 10 қазандағы N 401 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2062 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2002 жылғы 18 қараша - 1 желтоқсанда жарияланған) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 мамырдағы N 46 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3643 тіркелген) қаулысымен енгізілген толықтыруларымен және өзгерістерімен бірге, мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбындағы және 1-тармағындағы ", жіберу" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
жоғары оң бұрышында, тақырыбында, сондай-ақ бүкіл мәтін бойынша ", жіберу" деген сөз алынып тасталсын;
Ережеге 1-қосымшада:
жоғары оң бұрышында және мәтіндегі ", жіберу" деген сөз алынып тасталсын;
Ережеге 2-қосымшада:
жоғары оң бұрышында, тақырыбында және 1-тараудың атауындағы ", жіберу" деген сөз алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.