О внесении изменений и дополнения в решение акима Атырауской области от 10 января 2002 года №362 «О мерах по борьбе с волками и шакалами» (зарегистрировано в управлении юстиции Атырауской области 11 февраля 2002 года за № 776) Күшін жойған
Басқа 0
Атырау облысы әкімінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 362 «Қасқырлармен және шиебөрілермен күресу жөніндегі шаралар туралы» шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (Атырау облысының Әділет басқармасында 2002 жылы 11 ақпанда № 776 тіркелген)
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 29.04.2004 № 101 қаулысымен.
Атырау облысы әкiмiнiң 2002 жылғы 26 тамыздағы № 475 "Атырау облысы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану департаментiн қайта ұйымдастыру және Атырау облысы экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасының құрылымына өзгерiстер енгiзу туралы" шешiмiне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 362 "Қасқырлармен және шиебөрiлермен күресу жөнiндегi шаралар туралы" шешiмiне мына өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
шешiмдегi мәтiн "Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына (С.Мұқанов)" сөздерi "Атырау облысының экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасына" сөздерiмен ауыстырылсын;
6 тармақ 2-бөлiммен мына мазмұнда толықтырылсын:
"Қасқырлардың, бөлтiрiктердiң және шиебөрiлердiң терiлерiн жою актiсi орындалған жұмыстар актiсi болып табылады";
қасқырларды және шиебөрiлердi құрту жөнiндегi жүргiзу жұмыстарының тәртiбi туралы Ережесiнде, көрсетiлген шешiмнiң бекiтiлуi бойынша:
12 тармақта "Облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына (С.Мұқанов)" сөздерi "Атырау облысының экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасына" сөздерiмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары Қ.К.Ищановқа жүктелсiн.