О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 10 июля 2003 года N 1148 Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1148 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы "Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" жариялануға тиіс Қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 1148 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 28, 263-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 4-тармақта: 1) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын; 3) тармақша "Адам құқықтары жөніндегі комиссия," деген сөздерден кейін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауы мәселелері жөніндегі комиссия," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.