О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года N 145 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 7, 73-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацындағы»"тиістілік нормативіне ұқсас" деген сөздерден кейін "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі